Саясат • 15 Қазан, 2019

Сенатор Нұржан Нұрсипатов НАТО ПА-ның 65-ші сессиясының жұмысына қатысты

394 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Нұржан Нұрсипатов НАТО Парламенттік Ассамблеясының Лондонда өткен жыл сайынғы 65-ші сессиясының жұмысына қатысты. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Сенатор Нұржан Нұрсипатов НАТО ПА-ның 65-ші сессиясының жұмысына қатысты

НАТО парламентшілері Альянстың Ресеймен қарым-қатынасын, Солтүстік Атлантика Альянсының ядролық тепе-теңдік ұстанымын, Солтүстік Атлантика мен Африкадағы қауіпсіздік мәселелерін, жасанды сананы пайдалану, шекаралардың қауіпсіздігі, киберқауіпсіздік пен сандық нарықтарды, сондай-ақ Украинадағы жағдайды талқылады.

Н.Нұрсипатов Қазақстанмен ынтымақтастық жөніндегі бүкілпартиялық топтың төрағасы, Ұлыбритания Қауымдар палатасының депутаты Б.Стюартпен кездесті. Кездесу барысында тараптар парламентаралық үнқатысумен қатар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқылады. Сессия аясында Франция Ұлттық Жиналысының депутаты Ф.М.Кляйсбауэрмен, Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының депутаты Чо Куонг Таемен кездесу болды.