Облыс бойынша барлығы 18466 адам 18880 көшет отырғызды. Оның ішінде, қарағай, шырша, қарағаш, арша, терек, емен, шетен, айлант секілді ағаш түрлері бар. Сенбілік өңірдегі 98 елдімекенді қамтыды.
Айта кетейік, аймақ басшысы Асқар Мырзахметов тал егу акциясына облыстың шалғай ауданы-Мойынқұмнан қатысты. Онда мойынқұмдық жастар мен қызметкерлермен бірге «Жаз Ата», «Жасыл ел» саябақтарына тал егіп, шараға қарқынды үлес қосты. Аталған акция аясында облыс әкімі Асқар Мырзахметов және Мойынқұм ауданы әкімі Мәден Мұсаев туя, емен, терек ағаштарын отырғызып, игі істің маңыздылығын туралы тоқталып өтті.
Бүкіләлемдік жасыл желек отырғызу күніне орайластырылған шара облысымыздың барлық аудандарында да жоғары деңгейде ұйымдастырылды.