Руханият • 15 Қазан, 2019

Алматыда Ілияс Жансүгіровтың 125 жылдығы аталып өтті

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда көрнекті қазақ ақыны Ілияс Жансүгіровтың 125 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматыда Ілияс Жансүгіровтың 125 жылдығы аталып өтті

Алматы әкімі Б. Сағынтаевтың атынан ақынның отбасына және туғандарына денсаулық пен баянды бақыт тілеген құттықтау хат табыс етілді.

Хатта І. Жансүгіровтың қазақ әдебиетінің ғана емес, әлем әдебиетінің жарық жұлдызы екені атап көрсетілген.

Салтанатты шарада А. Қосанова, Р. Стамғазиев сынды өнер жұлдыздары ақынның өлеңдеріне жазылған әндерді орындады. «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамбль де өнер көрсетті.