Өз сөзінде СІМ басшысының орынбасары ITEC шеңберінде түрлі салалар бойынша (ақпараттық технологиялар, ағылшын тілі, киберқауіпсіздік, медицина және т.б.) қазақстандық мамандар үшін ұсынылып отырған курстардың маңыздылығы мен өзектілігін атап өтіп, бұл бағдарламаға келешекте Қазақстан мен Үндістан арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуде сәттіліктер тіледі.
Үндістанның Қазақстандағы Елшісі П.Кумар хабарлағандай, 1964 жылы құрылған ITEC-тің түрлі курстары арқылы 1990 жылдардан 2019 жылға дейін 1020 Қазақстан азаматтары білім алған.