Қоғам • 16 Қазан, 2019

Ел тыныштығын қорғау – абыройлы міндет

2802 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

Ел экономикасының өсімін, азаматтардың тұрмысының жақсаруын, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында атап көрсетілді.

Ел тыныштығын қорғау – абыройлы міндет

Қазақстан Президенті өз Жолдауында азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел əрі тиімді қарас­ты­ра­тын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бəрімізге ортақ міндет екенін жеткізді. Президенттің айтуынша, би­лік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады. Бұл мәселелер біз үшін де көкейкесті, себебі Ұлттық ұланға заңға сәйкес жеке тұлға, қоғам мен мемлекеттің, адам мен тұрғындардың құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық және басқа да құқыққа қарсы әрекеттерден қорғау, сондай-ақ табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою міндеттері жүктелген.

Ел Президенті, Жоғарғы Бас қолбас­шы ретінде еліміздің тәуелсіздігін, қоғам­дық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша Қарулы Күштер, басқа әскер­лер мен әскери құрылымдардың орнын ерекше атап өтті. Осыған байла­ныс­ты Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғым­баев­тың тапсырмасы бойынша біз әскер­дің жақын арадағы даму перспектива­сын қарастырдық. Қазір Ұлттық ұланның 2020-2022 жылдарға арналған Даму бағдарламасын дайындаудамыз. Бұл жерде біз әскердің мобильдігіне, кәсіби дайындығына, мемлекетіміздің қоғамдық қауіпсіздігіне тиімді қатыса алатын заманауи қару-жарақпен, әскери және арнайы техникамен қамтамасыз етуіне ерекше көңіл бөлеміз.

Жауынгерлер үшін осы жылдың көктемінде Қазақстан Президентінің Ұлттық ұланның елордалық құрама­сы­на алғашқы сапарымен келуі айрық­ша мәнге ие болды. Жоғарғы қол­бас­­шылық пен әскерилерге қарата айтқан сөзінде Мемлекет басшысы Ұлт­тық ұлан әскери қызметшілерінің елі­міздегі тұрақтылық пен бейбіт өмір­дің сақталуы, мемлекет пен қоғам қауіп­сіздігін қамтамасыз ету жолында ма­ңызды міндеттер атқаратынын атап өтті. Бұл тұрғыда Президент қыз­меттік-жауынгерлік дайындық деңгейінің жақсаруына ерекше назар аударып, барлық оқу-жаттығулар шынайы жағдайларға жақындатылуы тиіс деп баса айтты. Сондай-ақ Қ.Тоқаев бізді Ұлттық ұланның қызметтік әрекетіне қатысты барлық мәселелер өзінің жеке бақылауында болатынына сендірді. Бұл өз кезегінде қызметтік-жауынгерлік тапсырмаларды орындауда бізге үлкен жауапкершілік жүктейді.

Ұлттық ұланның елордалық құра­ма­сы­на сапары барысында Мемлекет басшысы әскери қызмет­ші­лерді әлеуметтік қолдау мәселесіне мұқият тоқталды. Осы орайда «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» «Әскери баспана» және басқа да бағдарламалар арқылы әскердің 1100-ден аса қызметшісі бүгінгі таңда баспаналы болғанын зор мақтанышпен айтамыз.

Көпбалалы әскери қызметшілердің отба­сылары да назардан тыс қал­ған жоқ. Биыл «Мектепке жол» жалпы­рес­пуб­ли­калық қайырымдылық акциясының аясын­да Ұлттық ұланның әскери қызмет­шілері өз ішіндегі аз қамтамасыз етілген, көпбалалы отбасылардың және балаларын жалғыз тәрбиелеп отырған ата-аналардың мектеп жасындағы 300-ден астам баласына мектепке қажетті оқу құралдарын сатып алуға көмектесті. Әскер басшылығы балаларының немесе өздерінің ауыр науқастануына байланыс­ты қиын жағдайға душар болған әскери қызметшілерді және Ұлттық ұланның ардагерлерін де еш уақытта қиындықта қалдыр­майды. Мүмкіндігінше біз олардың емделуіне қаражат іздеуге көмек­тесіп, шипажайларға жібереміз. Шын­туайтында, өмірде мұндай ауру­лар­дан ешкім сақтандырылмаған. Сондықтан жаны қысылған әріп­тес­терімізге қол ұшын созып, қиын­дық­та­рымен жалғыз қалдырмау – біздің қасиетті міндетіміз.

Биылғы Жолдауда да біз мемлекет тарапынан жасалған қамқорлықты байқап, сезініп отырмыз. Президент біздің алдымызда жаңа тұжырымдама негізінде жауынгерлік қабілетті армия құру міндеті тұрғанын атап өтті. Өз кезегінде біз Отан қорғаушылар ретінде Жоғарғы Бас қолбасшымыздың жауынгерлік армия құру және елдің қорғаныс әлеуетін нығайту жөніндегі бастамаларын қолдаймыз.

Мемлекет басшысы Жолдауында азаматтарды табиғи құбылыстардан және технологиялық апаттардан қорғауға ерекше назар аударды. «Бірлік бар жерде, тірлік бар» дейді дана халқымыз. Қазақстандықтардың бірлігінің бекем болып, жұдырықтай жұмылғанының көрінісі ретінде біз Арыс қаласында оқ-дәрілер жарылыстары зардаптарын жо­йып, жергілікті халыққа көмек көрсетуін айтамыз. Атап өту керек, төтенше жағдайдың алғашқы күнінен бас­тап құқықтық тәртіп әскерінің жауын­гер­лері қала тұрғындарын эвакуациялау жұмыстарына белсенді қатысты, сондай-ақ төтенше жағдай кезінде Арыс тұрғындарының мүліктерін күзетіп, елді мекенде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етті. Әскери қызметшілер іс-қимылдарының арқасында қала тұрғындарына үлкен көмек көрсетілді, жарылыстар зардаптарын жоюда уақ­ты­лы шаралар қабылданды. Арыс қаласын қалпына келтіргені үшін сегіз ұландық Президенттің қолынан мем­ле­кет­тік марапаттарға ие болды.

Жалпы, еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бері Ұлттық ұланда батыл және ержүрек қорғаушыларды тәрбиелеуде даңқты жауынгерлік дәстүрлер қалып­тас­ты. Жауынгерлер сан мәрте, тіпті кейде өз өмірлерін қию арқылы жанқиярлық әрекеттер жасап, ерліктің айқын үлгісін көрсетті. Құқықтық тәртіп әскерінің жауын­герлері Ербол Отарбаев, Жандос Баянбаев, Ақылбек Қоңыров, Бақтияр Қайырбеков, Тимур Рахимов, Денис Яковлев және басқалары қазіргі заман батырларының шынайы образына айналды. Ербол Отарбаевтың жанқиярлық әрекеттерінің үлгісінде көрермендердің ыстық ықыласына бөленген «Алтыншы бекет» көркем фильмі мен телехикая­сы түсірілді. Кинотуынды өзін қа­зақ­­стандық прокатта сәтті көрсетіп, са­рап­­шылар мен кино сыншыларынан жақсы пікірлер алды. Жақында карти­на­ның телевизиялық нұсқасы «TЭФИ-Достастық» халықаралық фестивалінің үздік телехикаясы аталымында бас жүлдені иеленді.

Сонымен бірге тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан 17 жауынгердің ерлігі негізінде «Қазақстан» телеарнасы «Аю Синема» кинокомпаниясымен бірлесе отырып, Ұлттық ұланның қол­да­уының арқасында жақында «Қазбат» атты көркем фильм мен теле­хи­­каяның түсірілімін аяқтады. Оның үлкен экран­дар­дағы тұсаукесері осы жыл­дың соңына дейін жоспарланған.

Граната жарылысы кезінде сарбаз­ды өлімнен құтқарған полковник Қайрат Үмбетовтің ерлік әрекеті құқық­тық тәртіп әскер тарихында алтын әріп­тер­мен жазылатын болады. Осы ерлігі үшін полковник Қайрат Үмбетовке жоғары дәрежедегі «Халық Қаһарманы» атағы берілді. Сонымен қатар Қайрат «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бас­тамасымен ұйымдастырылған «Қа­зақстанның 100 жаңа есімі» жоба­сы­ның жеңімпазы атанғанын ерекше атап өтеміз.

Тарих көрсетіп отырғандай, қай кезде болмасын елдің қорғаныс қабілеті қа­зіргі заманғы қару-жараққа ғана емес, жауынгердің рухына да байла­ныс­ты болады. Сондықтан әскери қыз­мет­шілердің патриоттық тәрбиесіне, әскери қызметтің беделіне, құқықтық тәртіп әскерінің мәртебесін арттыруға айрықша көңіл бөлінеді. 2009 жылдан бастап әскерде ақпараттық-насихат топтары жұмыс істейді. Дәстүр бо­йынша Нұр-Сұлтан қаласында Ұлттық ұланның ән-би ансамблінің гала-концерті, халықаралық мәртебеге ие болған әскери оркестрлердің «Әскери керней» фестивалі мен жекпе-жек турнирлері өткізіледі. Ұлттық ұланның оркестрі Ресейде өтетін халықаралық фестивальдардың тұрақты қатысушысы. Осы жылы оркестр тұңғыш рет атақты «Спасск мұнарасы» халықаралық әске­ри-музыкалық фестиваліне қатысты. Онда оркестр ұжымы тек Ұлттық ұлан ғана емес, барша еліміздің мерейін асырды. Дауыс беру нәтижелері бо­йынша қазақстандық ұжым 14 шетелдік оркестрдің ішінде үшінші орынға ие болды.

Жастар арасында адалдық, қыра­ғы­лық, батылдық, Отанға деген сүйіс­пен­ші­лік және оны қорғауға дайын болу секілді әскери қызметті өтеуге қажетті қасиеттер қалыптастыру мақсатында Ұлттық ұланда «Жас Бүркіт» әскери-патриоттық қозғалысы құрылды. Оның тарихы 2003 жылдан басталады. Бүгінде құқықтық тәртіп әскерінің әскери бөлім­де­рінің жетекшілігімен 50-ден астам «Жас Бүркіт» әскери-патриоттық сыныптары және 30-дан астам спорттық әскери-патриоттық клубтар жұмыс істейді. Осылайша біз мектеп жасынан бастап болашақ Отан қорғаушылар резервін дайындаймыз, оларды патрио­ти­зм мен Отанға деген сүйіспеншілік сезім­деріне баулимыз.

Ұлттық ұлан бұдан былай да елдегі қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамта­ма­сыз ету, қазақстандық қоғам мен ел тұрғындарын қорғау міндеттерін лайық­ты орындайтынын үлкен сеніммен айтамын.

 

Руслан ЖАҚСЫЛЫҚОВ,

генерал-лейтенант,

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы