Қазақ сахнасына әйгілі италия композиторы Джузеппе Вердидің «Дон Карлос» операсы тура 40 жылдан кейін қайта оралды. Өткен аптада «Астана Опера» театрында қойылым премьерасы зор табыспен өтті.

Верди шығармашылығының шыңы саналатын «Дон Карлосқа» тәуекел ету кез келген театр ұжымының қолынан келе бермейді. Әйгілі опера труппадан музыкалық жағынан жан-жақты жіті дайындықты ғана емес, техникалық һәм сахналық жабдық тұрғысынан да іргелі ізденістерді талап етеді. «Астана Опера» театры ұжымы «Дон Карлосты» сахнаға шығару арқылы отандық опера өнерінің кәсіби тұрғыда бабында екендігін тағы бір мәрте дәлелдеп берді.
– «Дон Карлос» – монументалды спектакль. «Астана Опера» техникалық жағынан жарақталған үлкен сахнаға ие. Ал бұл тарихи туындыны қызықты қырынан көрсетіп, сахнаның барлық ауқымын паш етуге мол мүмкіндік береді. Біз көрермен назарына операның 1884 жылы Миланда қойылған төрт бөлімнен тұратын италиялық нұсқасын ұсынып отырмыз. Қойылымның ауқымдылығы тек көлемінде ғана емес. Оқиға мазмұнына сай түрлі декорацияларды: шіркеу, монастырь, патша залы, патшаның кабинеті, сұлу табиғат көріністерінің барлығын шынайы беруге күш салдық. Спектакльде машинерияның жетістіктері патшаның кенеттен пайда болуын жасауға мүмкіндік беретін сахна лифтілері де іске қосылды. Бұдан бөлек, бес моторлы жолы бар сахналық технологияны алғаш рет қолданып отырмыз. Сол арқылы декорацияларды жылжыта аламыз. Сонымен қатар шептік және арьер-проекцияларды, үш бөлікке бөлінген көп тонналы құрылымдарды пайдаландық. Тор, абақты сахналары, люктар мен ашылатын терезелердің де көрерменге әсері зор болады деп сенеміз. Театрсүйер қауым қойылымнан ерекше әсермен шықса – сахна маманы ретінде мақсатымыздың орындалғаны, дейді директордың көркем-өндірістік мәселелері жөніндегі орынбасары Виктор Караре.
Расымен де сахналық туынды болған соң 3 сағаттан аса уақыт көрерменді тапжылтпай ұстап отыру үшін тек музыка қуаты жеткілікіз. Оқиғаға динамика үстеуде ұтымды орындаушылық шеберлік, әртістік тапқырлық, сондай-ақ жарқын әрекеттер мен қызықты костюмдердің де атқарар рөлі зор. Бұл тұрғыдан келгенде, театр ұжымының көркемдік батыл шешімдерге барғандығына куә болдық, қуана қол соқтық. Әсіресе спектакльдің қоюшы дирижері Алан Бөрібаевтың, қоюшы режиссер, италиялық музыка маманы Давиде Ливермор, костюм суретшілері Софья Тасмағамбетова мен Павел Драгуновтың, сценограф Кристина Пикконың ізденістері айрықша құрметке лайық. Әрқайсысы өзіне жүктелген міндеті абыроймен атқарып шықты. Бұл жөнінде режиссер Давиде Ливермор әңгімелеп берді:
– Дж.Вердидың өзге туындыларымен салыстырғанда «Дон Карлос» операсының салмағы да, жауапкершілігі де ауқымды. Шығармашылық топтың қай маманына да оңай болған жоқ. Бірақ барлығы жұмыстың қиындығына қарамастан жан-тәнімен беріле кірісіп, сапалы нәтиже шығарды. Әртістерге де, көркем-қоюшы топқа да айтар алғысым шексіз. Верди қиялына қанат бітірген күрделі партитураның қуаты мен маңыздылығын көрермен жүрегіне жеткізуге күш салдық. Мұнда қым-қиғаш саяси мәселелерден бөлек, әрбір кейіпкердің жалғыздығы жайында сыр шертіледі. Өнердің басты мақсаты – адам жанына терең үңіліп, оның қатпарларын ашу, жұмбағын шешу болса, біз де «Дон Карлос» арқылы осы мәселелерге барынша басымдық беруге тырыстық, деп атап өтті қоюшы режиссер.
«Дон Карлос» режиссер Давиде Ливермордың «Астана Опера» театрындағы алғашқы шығармашылық тәжірибесі емес. Бұған дейін елордалық театр труппасымен бірлесе Дж.Пуччинидің «Турандот» және П.И.Чайковскийдің «Евгений Онегин» операларын сахна төріне шығарған маман үшін «Астана Опера» әртістерінің шығармашылық қарымы мен кәсіби шеберлігі де жақсы мәлім. Сондықтан да болса керек, басты рөлдегі кейіпкерлер бейнесін ұзақ ойланбастан театрдың жетекші солистеріне сеніп тапсырыпты. Қоюшы режиссер атап өткендей, бұл операда «өтпелі-кетпелі» кейіпкерлер жоқтың қасы, негізгі алты партия сюжет пен музыкалық материалдың дамуында жетекші рөл атқарады. Композитор барлық дауысқа – тенор, баритон, бас, сопрано мен меццо-сопраноға арнап көптеген хит әуендер тудырған.
Иә, «Дон Карлостағы» басты кейіпкерлерге жан бітірген солистер туралы да ұзақ толғануға болады. Мәселен, Елизаветта Валуа күрделі партиясында сахнада Жаннат Бақтай тамаша өнер көрсетті. Сопрано залдың үлкен қызығушылығын тудырды. Әнші музыкалық мәнерлілікті, қарқынды және баяу дауысқа бай төменгі және жоғарғы дауыстардың сұлулығын шебер көрсетті. Әртістің барлық қимыл-қозғалысы жарасымды, патшайымдай маңғаз болғанына қарамастан биязы және нәзік көрінді. Ал Дон Карлосты Қазақстан мен Жапонияның екі теноры – Медет Шотабаев пен Наоюки Окада орындаса, Сүндет Байғожин мен Талғат Мұсабаевтың сахналық шеберлігі мен тартымдылығы Родриго бейнесіне өзгеше әр сыйлады. II Филип патша бейнесін Евгений Чайников пен Барсег Туманян жоғары деңгейде орындап шықты.
– Елизавета партиясында барлығы: вокал да, актерлік шеберлік те күрделі. Патшайым болу сымбаттылықты, қимыл-қозғалыстың айрықша икемділігін, кербездігін қажет етеді. Елизавета – жас, ақылды, өктем жан. Демек, менің алдымда вокалдық мүмкіндіктен бөлек, бейнені дәл сол деңгейде шынайы жасап шығару салмағы да қатар тұрды. Жалпы Елизавета рөлі шығармашылығымдағы алғашқы тәжірибе. Егер бұл бейне маған ертерек, жас кезімде берілген болса, дәл бүгінгідей деңгейде шығара алмаған да болар едім. «Дон Карлос» операсына келу әрбір актер үшін үлкен мектеп. Өйткені туынды өте ауқымды және мұндағы салмақ тек әртістерге ғана емес, көрермендерге де түседі. Шығармамен арнайы танысып, алдын ала дайындалып келуді талап етеді, – деп шығармашылық тәжірибесімен бөлісті «Астана Опера» театрының жетекші солисі Жаннат Бақтай.
Верди операсындағы оқиғаға ерекше әр беріп, есте қалған тағы бір тұс – сәні мен салтанаты келіскен костюмдер галереясы. Сахналық киімдер дәуір тұрғысынан екі ғасыр алға жылжытылып, IV Филипп патшаның билік еткен кезеңіндегі сән ережелері бойынша жасалыпты. Киім үлгілерінің негізгі детальдары атақты суретші Диего Веласкестің кескіндемесіне сүйеніп жасалғанын атап өтті суретшілар.
– Дәуір тынысын сезініп, сол замандағы костюм тарихына үңілген соң, менің спектакльге деген көзқарасым өзгерді. Сол кездегі испан ақсүйектерінің костюмдері өте стильді болған. Ал оны сапалы жеткізу мата түрлеріне, үлгі- пішімдеріне, тіпті әрлеу, өңдеу жұмыстарына да тікелей байланысты. Осындай киім үлгілерін ойлап шығарған сол замандағы адамдардың қиялына таң қаламын. Сюжет бойынша атмосфера түнеріңкі, соған орай костюмдер де қара реңкте жасалған. Бірақ жиектеме, парча, тастар, сәндік түйреуіштер, інжу тастармен әрлеудің арқасында олар ұтымды, ерекше сәнді шықты, – деді костюм суртешісі Софья Тасмағамбетова.
Дәл осы күні «Астана Опера» театрында «Дон Карлоспен» бірге өнердің айрықша салтанаты да сап түзеді. Әйгілі Верди шығармасы театр репертуарынан түспей, алда әлі ұзақ уақыт бойы көрерменіне рухани-эстетикалық қуаныш сыйлары сөзсіз.
Қазақстан мен Қытай арадағы әуе қатынасты қайта жандандырады
Қазақстан • Бүгін, 16:37
Ақмола облысында суға батып бара жатқан үш жасөспірім құтқарылды
Аймақтар • Бүгін, 15:50
Таэквондодан Азия біріншілігінде Қазақстан қос медаль еншіледі
Спорт • Бүгін, 15:28
АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Жапония Ресейден алтын сатып алуға шектеу енгізбек
Әлем • Бүгін, 14:38
Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы белгілі болды
Спорт • Бүгін, 13:49
Ақмола облысында қатты жел мектеп пен тұрғын үйлердің шатырын ұшырды
Аймақтар • Бүгін, 13:37
Атырау-Орал тас жолында ірі жол апаты болды
Оқиға • Бүгін, 12:48
Елімізде қанша адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды
Коронавирус • Бүгін, 12:22
Шавкат Рахмонов UFC-дегі төртінші жекпе-жегінде жеңіске жетті
Спорт • Бүгін, 11:40
Өскемен тұрғынынан ақша бопсалаған ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 11:20
UFC: Қазақстандық Сергей Морозов жеңіске жетті
Спорт • Бүгін, 10:33
Өткен тәулікте 66 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:50
Бельгияда коронавирусқа қарсы екпе салу қайта басталмақ
Коронавирус • Бүгін, 09:05
Қазақстан мен Қытайда екі елдің Мәдениет орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • Кеше
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Кеше
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы қант бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Кеше
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Қоғам • Кеше
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Кеше
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Кеше
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Кеше
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Абиба Әбужақынова «Grand Slam» турнирінде қола жүлде алды
Күрес • 24 Маусым, 2022
«AMANAT» – 2022 медиа сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Оқиға • 24 Маусым, 2022
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • 24 Маусым, 2022
«IQanat» қоры ауыл оқушыларының сапалы білім алуға қолжетімділігін арттырады
Білім • 24 Маусым, 2022
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • 24 Маусым, 2022
Әлемде азық-түлік мәселесіне қатысты жағдай күрделеніп кетті - Тоқаев
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС+ ұйымының жаһандық даму жөніндегі диалогына қатысты
Президент • 24 Маусым, 2022
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • 24 Маусым, 2022
Ұқсас жаңалықтар