Ең қысқа әңгіме • 16 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Жандос Жүсіпбек

2900 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ең қысқа әңгіме. Жандос Жүсіпбек

Күз. Елең-алаң. Қала қалтарысы. Қыз құлағын алақанымен тарс жапқан күйі «іңгәлаған» дауыстан жалма-жан ұзап барады.  

* * *

- Анамды ренжітіп алмаңдар! - деді ол бұйыра сөйлеп.  Кейуана ұлының бұлай қамқорсығанына титтей де разы болған жоқ.

- Алаңдамаңыз, біз қарттардың барлығына бірдей қараймыз, - деді жылы жүзді қызметші, кемпірді қолтығынан сүйей беріп.  

* * *

Жаңадан келген сыныптасымыз қазақша мүлде білмеуші еді. Қазір, почему-то, ол бар жерде бәріміз орысша сөйлесеміз.  

 * * *

 Ол бүгін тағы теледидар тыңдап отыр. «Мына әншінің түрі есіме түссеші!» — деп қиналады бейбақ.  

 * * *

Жарығым, терезені ашық қалдыршы. Жаңбыр исін соңғы рет сімірейін…

* * *

«Таңғы намазыма неге оятпағансың?» — деп әкесін жағадан алды. 

***

«Адам өмірдің қадірін білу керек, бала», — деп ақыл айтты ағам, кезекті шылымын тұтатып жатып.

***

 «Мамам 30-да. Ал біз 20 ағайындымыз», — деп, жетім бала шығармасын бастады. 

***

Ол кезде имамның ашуы әлі тарқай қоймаған еді.

 

Жандос Жүсіпбек,

Қостанай қаласы

Соңғы жаңалықтар

Сарқырама тоқтаған күн

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Әлемге һәм елге әйгілі

Өнер • Бүгін, 08:20

Нобель, Букер және біз

Руханият • Бүгін, 08:15

Бір сағаттағы үш мереке

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Манасты қазақша жырлаған

Руханият • Бүгін, 08:05

Жарқыра, жұлдыз!

Өнер • Бүгін, 08:02

Әнге айналған тағдыр

Театр • Бүгін, 07:57

Сиқырлы пошта

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:55

Мың баланың қуанышы

Қоғам • Бүгін, 07:45

Жаңа жыл алдындағы ғажайып

Қоғам • Бүгін, 07:40

Бүлдіршіндер шаттанған шақ

Балалар • Бүгін, 07:35

Алма мен Аяз ата

Қоғам • Бүгін, 07:30