Атмосфералық процестердің тез ауысуы Қазақстан бойынша ауа райының қолайсыздығын тудырады. Алдағы үш тәулікте Қазақстан территориясы бойынша үлкен жылдамдықпен суық атмосфералық фронттар жылжиды, алайда оның артынан антициклон келеді, бірақ ол да өз кезегінде 19 қазанда кезекті циклонмен және арктикалық фронттармен ығыстырылатын болады.
Сондықтан көптеген облыстарда бұлтты және жауын-шашынды (жаңбыр, қар) ауа райы күтіледі. Солтүстік облыстарда көктайғақ болжанады, солтүстік-батыстан қатты жел соғады, соған байланысты боранның болуы мүмкін.