Сыйлық жылына бір рет үш жеңімпазға тапсырылады. Оның ішінде екі сыйлық — мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында қазақ тілінде жарияланған материалдарға, бір сыйлық — орыс тілінде жарияланған материалға белгіленген.
–Үміткерлер Әлем және Азия чемпионаттарына, Әлем Кубоктарына, мәртебелі халықаралық жарыстарға және Қазақстан біріншіліктеріне арналған жарияланымдар (очерктер, мақалалар, талдау, телетрансляциялар, телекөпірлер және т.б.).
–Қазақстандық БАҚ-та бұқаралық спортты, балалар мен жасөспірімдер арасындағы спортты, мүгедектер арасындағы және ұлттық спорт түрлерінен спорт ойындарын (спартакиадалар, турнирлер, ұлттық спорт түрлері фестивалі, ауыл спорты) т.б. насихаттау сынды тақырыптарды қамтуы тиіс.
–Сондай-ақ елімізде дене шынықтыру және спорт саласының проблемаларын көтеру және оның шешу жолдарын көрсету, – Лицензиялық жарыстарды насихаттау (теле және радио түсірілімдер мен бағдарламалар, интернет, газет және журналдағы мақалалар мен очерктер) құпталады.
Байқауға 2019 жылы шыққан авторлық жұмыстар (кітаптар, спорттық энциклопедиялар, т.б.) да қатыса алады. Өтініштер мен мақалалар Астана қаласы, Мәңгілік ел көшесі, үй, 6 қабат, Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметіне («2019 жылғы С. Бердіқұлов атындағы байқауға» деген белгімен) қабылданады.
Қабылдау мерзімі — 2019 жылдын 13 желтоқсанына дейін. Өтінімдерді rauhan_13@bk.ru мекен-жайына да жібере аласыздар. Байқаудың жеңімпаздары «Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты» арнайы төсбелгісімен марапатталып, диплом және ақшалай сыйлыққа ие болады. Аталған мәліметті Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (www.sport.gov.kz) мен Ұлттық штаттық командалар дирекциясының ресми сайттарынан таба аласыз. Лауреаттардың аты-жөні БАҚ мен жоғарыда аталған сайттарда жарияланады.