Спорт • 16 Қазан, 2019

Шахматтан әлем чемпионатында екі спортшымыз жүлде алды

349 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазанның 2-нен бастап 13-не дейін Мумбай қаласында (Үндістан) 14, 16, 18 жасқа дейінгі жігіттер мен қыздар арасында шахмат бойынша әлем чемпионаты өтті. Бұл туралы Prosports.kz хабарлады.

Шахматтан әлем чемпионатында екі спортшымыз жүлде алды

Чемпионат швейцарлық жүйе бойынша өткен және әлемнің 65 мемлекетінен 500-ге жуық мықты шахматшылар жиналған. Қазақстан чемпионатында өз жасындағы іріктеуден өткен 9 спортшы Қазақстан құрамасы атынан қатысқан.

Біздің спортшылар бір алтын және бір күміс медаль жеңіп алған. Біздің құрамаға алтын медаль әкелген 14 жасқа дейінгі қыздар арасында астаналық шахматшы Меруерт Камалиденова, күміс - Назерке Нұрғали (Қызылорда қ.). Алдыға тек Ресей және Үндістан құрамаларын жіберіп, артта көптеген әлемнің мықты командаларын қалдырып, командалық есепте біздің команда үшінші командалық орынды иеленді.