Медицина • 16 Қазан, 2019

Сүт безі қатерлі ісігі: ауыратындар қатары жасарып барады

430 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әйел адамдар уайым-қайғы, дұрыс тамақтанбау, ДНК-ның өзгеруіне алып келетін дәрі-дәрмекті қабылдау мен нашар экологияның салдарынан сүт безінің қатерлі ісігіне шалдығуы мүмкін. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.



Сүт безі қатерлі ісігі: ауыратындар қатары жасарып барады

Айтуынша, Қазақстанда сүт безінің қатерлі ісігімен ауыратындар қатары жасарып бара жатыр.

«Біз халыққа обыр ауруларын анықтайтын тексерістерге, скринингтерге келіңіздер деп, алдын алу жұмыстарын барынша насихаттаймыз. Өміріңіздің бір күнін тексеріске арнаңыз. Сүт безінің қатерлі ісігі қазір елімізде жасарып барады. Бұл дертке 32 жасында, тіпті 28 жасында шалдыққандар кездесті. Сол себепті, тегін тексерістен өту жасын 50-ден 40 жасқа дейін төмендеттік. Яғни, осы жастағы әйелдер кез келген клиникаға келіп, тегін маммографиядан өте алады. Маммографтар барлық жерде бар», - деді Диляра Қайдарова.

Сонымен қатар елімізде қатерлі ісіктің алдын алу үшін балаларға тегін екпе салынатынын да айтып өтті.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жатыр мойны қатерлі ісігін вакцинация арқылы алдын алуға болатын дерттер қатарына жатқызады. Біз жас қыз балаларға ата-ананың рұқсатымен жатыр мойны қатерлі ісігі вакцинациясын тегін егуді ұсынбақпыз. Яғни, ата-ана рұқсат берсе, баласына тегін вакцинация жасаймыз», - деді Диляра Қайдарова.