«Биыл 14 қазан күні Варшавада (Польша) IATA Жолаушы тасымалдау стандарттары жөнінде (Passenger Standards Meeting) отырыс өтті. Оған IATA-ның барлық мүшесі қатысты. Шарада Қазақстанның IATA-ның №763 Қарарына өзгертулер енгізу жөніндегі бастамасы қолдау тапты. Бұл Нұр-Сұлтан әуежайының үш әріптен тұратын кодын (TSE) өзгертуге мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.
Министрліктің мәліметіне сәйкес, Қазақстан астанасы әуежайының жаңа кодына бірнеше нұсқа ұсынылған. Соңғы нұсқа талқыланып жатыр.
«763-қарарға өзгерту енгізу біраз уақытты қажет етеді. Министрліктің мәлімдеуінше, өзгерістер 2020 жылдың қаңтарында күшіне енуі қажет. Содан кейін IATA кодтың соңғы нұсқасын бекітеді», делінген министрлік таратқан ақпаратта.