Президент • 17 Қазан, 2019

Мемлекет басшысы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованы қабылдады

153 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Мемлекет басшысы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованы қабылдады

Мәдениет және спорт министрі Мемлекет басшысына бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалу барысын, атап айтқанда, мәдениет және спорт қайраткерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту, отандық туризмді дамыту секілді мәселелер бойынша баяндады. Сонымен қатар министрліктің мұрағат, тіл саясаты бағытында атқарып жатқан жұмыстары жайында мәлімет берді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев басталған жұмыстарды өз деңгейінде жалғастырып, тиянақты әрі сапалы орындау бойынша бірқатар тапсырма берді.