Тараптар саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту келешектерін талқылап, қыркүйекте БҰҰ БА сессиясы шеңберінде екі ел Президенттерінің кездесуі, мамырда Грузия Премьер-министрінің Қазақстанға ресми сапары, Үкіметаралық комиссияның кезекті отырысының өткізілуі екіжақты ынтымақтастыққа жаңа серпін бергені атап өтті.
Консультацияға қатысушылар инвестиция, сауда және туризм салаларындағы ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ екі елдің транзиттік әлеуетін тиімді пайдаланудың маңыздылығын талқылады.
Халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасып,екі мемлекеттің халықаралық ұйымдар шеңберіндегі тығыз ықпалдастығы,екіжақты ынтымақтастықтың шарттық-құқықтық базасын өзектендіру мәселелері қаралды.
М.Сыздықов Қазақстанның Грузиямен достық қатынастар мен сындарлы саяси диалогты дамытуға, көпсалалы экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екендігін атап өтті. Бұл ретте көлік-логистика саласында, атап айтқанда, Қазақстан және Грузияның порттарын пайдаланып, екі ел арасындағы жүк тасымалын жүзеге асыру бойынша бірлескен жұмыстың маңыздылығы айтылды.
А.Хвтисиашвили Қазақстанның Грузия үшін маңызды сауда-экономикалық әріптестерінің бірі екендігін атап көрсетіп, қол жеткізілген саяси байланыстардың жоғары деңгейін, өзара сауда айналымының көлемі мен екі елге баратын туристер санының айтарлықтай артып отырғанын, тығыз қатынастарды сақтау мен көбейтудің маңызды екендігіне тоқталды.