Футбол • 18 Қазан, 2019

Футзал: Бүгін жеребе тартылады

169 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Швейцарияның Ньон қаласында футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының жеребесі тартылып, Элиталық кезеңде қай команданың қай топқа түсетіні белгілі болады. 

Футзал: Бүгін жеребе тартылады

Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 19:00-де өтетін жеребе тарту рәсімін барша қазақстандық жанкүйерлер де тағатсыздана күтуде. Себебі, осы жарыста біздің елдің қос командасы өнер көрсетеді. Олар – Алматының «Қайраты» мен Рудныйдың «Аяты». 

Сонымен қатар осы жарыста «Спортинг» (Португалия), «Барселона» (Испания), КПРФ (Ресей), Добовец (Словения), «Спарта» (Чехия), «Бенфика» (Португалия), «Херсон» (Украина), «Мостар» (Босния мен Герцеговина),  «Халле-Гооик» (Беларусь), «Тюмень» (Ресей), «Столица» (Беларусь) «Мурсия» (Испания), «Ново Вриеме» (Хорватия), және «Пезаро» (Италия) секілді клубтар бақ сынайды.

Ал УЕФА Чемпиондар лигасының Элиталық кезеңдегі бәсекелері үстіміздегі жылдың 19-24 қараша аралығында өтеді.