Қаланы газдандыру үш кезеңнен тұрады. Қазіргі таңда бірінші кезегі бойынша құбырларды тарту мен газреттегіш пункттерінің дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жобаның бірінші кезегінде газреттегіш желілерінде ЖЭО-1,2,3, «Көктал-1,2» т/а, Агрогородок, Железнодорожный кенті, Оңтүстік-Шығысқа (оң және сол) дейін газ беруді жоспарлап отыр. Үйлердің саны 13,5 мыңды құрайды.
Келесі кезең бойынша Мичурино, Интернациональный, Күйгенжар (1-2 ПК), Тельман (3-ші ПК), Пригородный, Garden Village және Family Village-ге (4-ші ПК) газ жүргізіледі. Үшінші кезекте Ильинка (1-2-ші ПК), Шұбар (3- ПК), Өндіріс (4-ші ПК) тұрғын алаптары газдандырылатын болады.
Газ жүргізу – қалаға зиянды қалдықтардың шығарылуын 6 есеге, қатты заттектерді 40 мың тоннаға азайтады.