Ағымдағы жылғы 11 қазанда Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінде Жауапты хатшы Ботагөз Жакселекованың төрағалығымен мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі Кеңестің отырысы өтті.
Жиында «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КЕАҚ жүргізілген жоспардан тыс мемлекеттік аудиторлық тексерудің қорытындысы қаралды.
Ішкі аудит департаменті аудиторлық іс-шара бойынша анықталған бірқатар заң бұзушылықты атады:
Университеттегі материалдық -тауарлар негізсіз есептен шығарылған, азаматтық-құқықтық мәміле шарттарына сәйкес келмейтін тауарлар, жұмыстар мен қызметтер анықталды, «Жастар-Арена» стадионына жүргізілген құрылыстың сапасы төмен және еңбек заңнамасы бұзылған.
Кеңесте БҚО медуниверситетінен тексеру барысында табылған барлық материалды құқық қорғау органдарына жіберу туралы шешім қабылдады.
Айта кету керек, 2018 жылы 15 тамызда Денсаулық сақтау министрлігі мен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойған, онда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша күдік болған кезде, жедел ден қою және материалдарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарына жіберу қарастырылған.