Спорт • 21 Қазан, 2019

Конфедерация кубогы: «В» тобының үздіктері анықталды

212 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Конфедерация кубогында «B» тобының жартылай финалистері анықталды. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Конфедерация кубогы: «В» тобының үздіктері анықталды

Қостанайда конфедерация кубогының іріктеу кезеңі аяқталды. Жеребе бойынша «В» тобына түскен Қостанай облысы, Жамбыл облысы, СҚО және ШҚО командалары өзара мықтыны анықтады.

Грек-рим күресінен жартылай финалға Қостанай облысының командасы шықты.

1-ші айналым

Қостанай облысы –  СҚО. Есеп: 5-1. Жеңімпаз Қостанай облысы.

ШҚО – Жамбыл облысы. Есеп: 4-2. Жеңімпаз ШҚО.

2-ші айналым

Қостанай облысы – ШҚО. Есеп: 3-3. Жеңімпаз Қостанай облысы.

СҚО – Жамбыл облысы. Есеп: 3-3. Жеңімпаз облысы СҚО

3-ші айналым

Қостанай облысы – Жамбыл облысы. Есеп: 5-1. Жеңімпаз Қостанай облысы.

СҚО – ШҚО. Есеп: 1-5. Жеңімпаз ШҚО.

Ал еркін күрестен барлығы 34 спортшы қатысты. «В» тобында ШҚО еркін күрес шеберлері үздік болды.

1-ші айналым

Қостанай облысы –  СҚО. Есеп: 4-2. Жеңімпаз Қостанай облысы.

ШҚО – Жамбыл облысы. Есеп: 4-2. Жеңімпаз ШҚО.

2-ші айналым

Қостанай облысы – ШҚО. Есеп: 3-3. Жеңімпаз ШҚО.

СҚО – Жамбыл облысы. Есеп: 1-5. Жеңімпаз Жамбыл облысы.

3-ші айналым

Қостанай облысы – Жамбыл облысы. Есеп: 2-4. Жеңімпаз Жамбыл облысы.

СҚО – ШҚО. Есеп: 6-0. Жеңімпаз ШҚО.

Шығыс Қазақстан облысының дзюдошылары өз тобында қарсылас шақ келтірмеді.

1-ші айналым

 СҚО –  ШҚО. Есеп: 0-4. Жеңімпаз ШҚО. 

Жамбыл облысы – Қостанай облысы. Есеп: 4-3. Жеңімпаз Жамбыл облысы.

2-ші айналым

СҚО – Жамбыл облысы. Есеп: 0-4. Жеңімпаз Жамбыл облысы.

ШҚО – Қостанай облысы. Есеп: 4-0. Жеңімпаз ШҚО.

3-ші айналым

СҚО – Қостанай облысы. Есеп: 1-4. Жеңімпаз Қостанай облысы.

ШҚО – Жамбыл облысы. Есеп: 4-1. Жеңімпаз ШҚО.

Ал таеквондо бойынша Жамбыл облысының құрама командасы мықты екенін тағы да дәлелдеп, жартылай финалға жолдама алды.

  1. Қостанай облысы – 5 спортшы.
  2. Жамбыл облысы – 5 спортшы. 
  3. СҚО – қатысқан жоқ.
  4. ШҚО – қатысқан жоқ.

1-ші айналым

Қостанай облысы – Жамбыл облысы. Есеп: 20-99. Жеңімпаз Жамбыл облысы. 

Каратэден де Жамбыл облысының спортшылары жартылай финалда бақ сынауға мүмкіндік алды.

Айта кетерлігі, Конфедерация кубогының финалдық кезеңі 7-8 желтоқсан күндері Алматы қаласында Балуан Шолақ спорт сарайында өтеді деп жоспарланған.