Әдебиет • 22 Қазан, 2019

Әдебиетшілердің Әбдіжәміл Нұрпейісов туралы пікірі

120 реткөрсетілді

Андре СТИЛЬ,

француз жазушысы

«Осы бір ұлы романдағы сан қырлы, алуан бояулы дала мен оны мекен ететін халық өзінің бейтаныс әрі таңсықтығымен ежелгі бір далалық ауызекі тілде айтылған эпопея секілді бізді еліктіріп алып кетеді».

 

Луи АРАГОН,

француз жазушысы

«...Нұрпейісов пен Әуезовті салыс­тырғанда тым қарапайым болудың қажеті жоқ, өйткені «Ымырт» қазақ романының прогресіндегі жаңа баспалдақ. «Абай жолы» романын белгілі бір деңгейде Гетенің «Вильгельм Мейстерімен» қатар қоюға болады. Бұл екі роман да адам мінез-құлқының қалыптасуын көрсетудің әлі ешкім асып өте алмаған жарқын үлгілері. Ал Нұрпейісовтің романы болса, осы кітап­тар тақылеттес.

«Ымырт» романы суы ащы шөлдегі шыңырау құдық секілді (автор өз кітабында адам рухының өжеттігін көр­сететін көп­мәнді эпиграфты тектек-тек қолданып отыр­ған жоқ қой). Нұрпейісовтің «Ымырт» романы секілді терең әрі тартымды кітаптар кейінде жазылған жоқ. «Ымыртты» қазіргі америкалық, француздық, не болмаса басқа да  заманауи әдебиеттегі үлкен шы­ғар­­малармен қатар қоюға әбден болады».

Аугуст ВИДАЛ,

испаниялық әдебиет сыншысы

«Трилогия классикалық орыс про­­за­сының дәстүрінде жазылған. Эпи­калық құлаш, терең суреткерлік, қилы кейіпкерлер галереясы, көркемдік ше­берлік еріксіз «Тынық Донды» еске түсіреді. Осы рет­те Нұр­пейісовті «қазақ әдебиетінің Шоло­ховы» деуге болады».

 

Герольд БЕЛЬГЕР,

аудармашы, сыншы

«Қазақ даласындағы бір аяулы есім – Әбдіжәміл Нұрпейісов. Франция, Германия, Бельгия, Испания, Болгария, Словакия, Қытай және Ресей жазушы­лары мен сыншыларының пікірі бір жерде тоғысады – «Қан мен тер» трило­гия­сы мен «Соңғы парыз» дилогиясының авторы ірі суреткер, мэтр, әлем әдебие­тіндегі елеулі құбылыс дегенге саяды».

 

Әбіш КЕКІЛБАЙҰЛЫ,

жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

«Сондай бір күн болған», «Сондай бір түн болған» дейтін екі кітаптан тұра­тын дилогия – жанрлық-стильдік бітімі жағынан да, кон­цеп­циялық өзекті ойы жағынан да ұлттық про­замыздағы бүгінгі таңдағы оқшау құбылыс. Ол – біздің жаңа әдебиетіміздің жаңа арнасын салып беретін алғашқы мұз жарғыштай. Біздің прозамыз бен драматургиямызда жаңа бір ағым басталатындай. Оған «зая ғұмыр әдебиеті» деп ат қойсақ жара­сатындай. Біздің де кешкеніміз зая тағдыр. Әлеу­меттік озбырлықтың айдағанынан шыға алмай, асыл мұраттардың өзін асыра сілтейтін алаңғасарлыққа айнал­дырып алдық. Соның салдарынан да еткеніміз еш зая ұрпаққа айналып отырмыз. Сонымен зая ұрпақ тақырыбы өрме­гін құрды. Арылу әдебиеті желі тартты. Кесек эпиканың орнына аз адамдардың, тіпті бір ғана кісінің жан дүниесіндегі алай-дүлей ахуалды ежіктейтін жаңа роман келді».

 

Соңғы жаңалықтар

Баспасөз рөлі – басты мәселе

Әдебиет • Бүгін, 15:49

Жаңа үлгідегі көліктер

Қоғам • Бүгін, 09:08

Grand Slam жарысында белдеседі

Спорт • Бүгін, 08:30

Мексикалықтың қарсыласы атануы мүмкін

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 08:29

Оқырманмен ой бөлісті

Руханият • Бүгін, 08:17

Қиянатқа қарсы тұрған газет

Руханият • Бүгін, 07:49

Жемқорлық жерге қаратады

Қоғам • Бүгін, 07:48

«Бір сынаған жаманды...»

Аймақтар • Бүгін, 07:46

Ерлі-зайыптылардың ерлігі

Аймақтар • Бүгін, 07:43

Ел игілігін еселеген жан

Руханият • Бүгін, 07:32

Ең қымбат ұлттық брендтер

Әлем • Бүгін, 07:23

Теңгенің тегеуріні

Қаржы • Бүгін, 07:21

Сенім капиталы

Экономика • Бүгін, 07:18

Қор алдында үлкен міндеттер тұр

Қазақстан • Бүгін, 07:04

Ұқсас жаңалықтар