«Құтқарыңдар, құтқара көріңдер, өлтіретін болды...» - деп бірі шыңғырып, бірі ыңыранып қинала шулаған дауыс... Енді сол үсті-басын қан басқан адамдардың қолы жағасына жармаса кетті. Кеуделерінен итеріп жан ұшыра қашса да, олардың қарысқан қолдары ажырар емес. Құмар ұйқысынан шошып оянды. Түсі екен. Қара басып, қара терге малтығып кетіпті... Бағанағы қиналған адамдардың жалынышты үні құлағынан кетер емес. Құлжадағы бірге туған бауырларын ойлап, алатаңға кірпік айқастыра алмады.
Құрманжан Қасымжанұлы