Ең қысқа әңгіме • 22 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Сайлау Төлеу

321 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ең қысқа әңгіме. Сайлау Төлеу

Суыр көші

 

Алтайдың күнгей бетіндегі «Қаршыға» теліміне «түрен» түскелі үшінші жыл. Мыс кенінің мол қоры бар дейді. Сөйтсе, уран мен алтын да көп екен. Содан бері қым-қуыт тірлік.

Атам заманнан тұрған тоқ ауылдың жұрты тым-тырақай көшіп кеткелі он жыл. Үш-ақ үй қалған. Соның бірінің отағасы Сағымбек кеше  иек астындағы Қалжырдың бойынан мал қайырып қайтып еді, Марқадай тұнық көлден бастау алатын үркек өзеннің  мөлдір суы аппақ айрандай боп, іри ағып жатыр. Жағасын ұстап, қатты шошыды.

Өңі сұрланып, үйге оралса, бәйбішесі қаладан келген екі туысына шай беріп жүгіріп жүр. Ауылдың күнбатыс жағындағы ескі ферманың тұсынан қалың суыр көші «аңқиттап» бұлардың алдарынан кесіп өтіп, ойға қарай зымырай қашып барады дейді. О заман да бұ заман, үдере көтерілген суыр көшін кім көріпті?!

 

Сайлау Төлеу

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше