Ең қысқа әңгіме • 22 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Еділ Анықбай

353 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ең қысқа әңгіме. Еділ Анықбай

Жұмбақ   

1998 жылдың күзінде Әмірмен КазГУ-де кездесіп қалдық. Аз ғана әңгімелестік... Бір ғана жолдан тұратын «Ақындар» дейтін өлең жазыпты. Оқып берді: «Олар –  күлден гүл жасайтын тектілер...» Әмір асығыс екен... Кетіп қалды...

Содан кейін онымен ешкім кездесе алмады... Бақилығы беймәлім... Жұмбақ...   

   

Еділ Анықбай