Ең қысқа әңгіме • 22 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Әсел Асқарқызы

2056 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ең қысқа әңгіме. Әсел Асқарқызы

                                Мәңгілік сағыныш

Қан майданнан оралмаған әкесі туралы ақпаратты  74 жылдан кейін тапқан Амангелді ақсақал кемсеңдеп: «Бүгін мен үшін де соғыс аяқталды», - деді.

 

               Бақыт


Немерем есік ашты, қонақтар әндетіп кірді, бүгін мен 37-ге толдым.

 

               Тоңазытқыш


Түн. Қабырғасында: «Аналық бақытыңыздың бір бөлігі болуға талпынамыз» деп жазылған перзентхананың тоңазытқышында  нәрестенің аяғы дір ете қалды.

 

                   Перрон


Ол бүгін мен мінгелі тұрған пойыздан түсті. «Сенсіз өмір сүре алмаймын» дегеніне биыл 18 жыл.

 

Әсел Асқарқызы