Қоғам • 22 Қазан, 2019

Қазақстанда 332 мың жаңа жұмыс орны құрылды

683 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жергілікті атқарушы органдардың мәліметтері бойынша, 2019 жылдың 1 қазанына 332 мың жаңа жұмыс орны құрылған, бұл жылдық жоспардың 89% (373 мың), оның 146 мыңы ауылдық жерлерде ашылғын. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстанда 332 мың жаңа жұмыс орны құрылды

Құрылған жұмыс орындарының 214,4 мыңы – тұрақты, 117,6 мыңы – уақытша жұмыс орны.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп құрылған жұмыс орындары көтерме және бөлшек сауда саласында – 35,8 мың, 32,9 мың – құрылыс саласында, 31,2 мың – ауыл, орман және балық шаруашылықтарында.

Жұмыс орындарының басым бөлігі Алматы (42,3 мың), Қарағанды (31 мың) облыстарында және Алматы қаласында (36,4 мың).

Ең аз саны Қызылорда (9,6 мың), Ақмола (10,3 мың) және Батыс Қазақстан (10,8 мың) облыстарында құрылған.

Бүгінгі таңда жұмыс орындарын құру негізінен мемлекеттік бағдарламалар, аумақтарды дамыту бағдарламалары, инвестициялық жобалар, шағын және орта бизнесті дамытуды ынталандыру жөніндегі бағдарламалары аясында жүзеге асырылатынын атап өткен жөн.

Естеріңізге сала кетейік, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыс орындарын құру мониторингін жүзеге асырудың жаңа ережелерін қабылдады. Сондай-ақ Еңбекмині «Жұмыс орындарын құрудың интеграцияланған картасы» ақпараттық жүйесін әзірлеген еді.