Қазақстан • 22 Қазан, 2019

Елбасы Украина Президенті Зеленскиймен кездесті

302 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз қызметі хабарлады.

 

Елбасы Украина Президенті Зеленскиймен кездесті

Кездесу барысында Елбасы Владимир Зеленскийді Украинаның Президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады.

– Украинаның жаңалықтарын күнделікті қадағалап отырамын. Мен үшін сіздің еліңіздің орны ерекше. Бұл кезінде Украинада екі жыл оқығаным үшін ғана емес. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап Украина президенттерімен жақын таныс болдым, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Сонымен бірге, Нұрсұлтан Назарбаев Украинадағы оқиғаларға өз алаңдаушылығын білдірді.

Елбасы Украинаның оңтүстік-шығысындағы қақтығысты бейбіт жолмен шешудің маңыздылығын атап өтті.

– Сіз сайлауда халықтың үлкен сеніміне ие болдыңыз. Жоспарларыңызды жүзеге асыру үшін барлық мүмкіндік бар, – деді Елбасы.

Өз кезегінде, Владимир Зеленский Украинаның Қазақстан Республикасын кең ауқымды мәселелер бойынша әрдайым қолдағанын атап өтті.

Келіссөздер барысында, В.Зеленский Қазақстан Президенті Қ-Ж.Тоқаевпен Нью-Йорк қаласында кездескенін айта келе Елбасыны Украинаға шақырды.

Сонымен қатар, тараптар екі ел арасындағы сауда-саттықты арттырып, қатынастарды нығайту мәселелерін талқылады.