Аймақтар • 23 Қазан, 2019

Павлодар облысында 28 тауарлы сүт фермасы жұмыс істейді

332 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мал шаруашылығы бөлімінің мәліметінше, сүт фермаларында 10 мыңға жуық ірі қара бар. Ал өткен жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығына 19 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылған.

Павлодар облысында  28 тауарлы сүт фермасы жұмыс істейді

Суретті түсірген Валерий БУГАЕВ

Өңір шаруашылықтары ет және сүт бағыттағы ірі қараның басын көбейту үшін 2017-2019 жылдар аралығында 5 млрд теңгеге жуық субсидияға қол жеткізген.Биылғы жылы 1,3 млрд теңге көлемінде қолдау қаржысы беріліп, асыл тұқымды мал басы 3,3 пайызға көбейген.

Бөлімінің мәліметінше, өткен жылы 2,2 мың бас ірі қараға арналған 4 тауарлы-сүт фермасы іске қосылған болатын.  Тереңкөл ауданындағы  «Астық ПВ» ЖШС Чехия елінен 691 бас симментал тұқымды сиырларын әкеліп, тауарлы сүт фермасы ашылды.Сүт бағытындағы мал шаруашылығын дамыту мақсатында жыл соңына дейін жалпы саны 2100 бас ірі қараға арналған тағы 4 тауарлы сүт фермасын іске қосу жоспарланған.Бұл ретте, «Луганск» өндірістік кооперативі, «Жаңа қала» ЖШС, «Ертіс» шаруа қожалығы, «Галицкое» серіктестігі сүт ферманың құрылысын аяқталуда.«Галицкое» ЖШС басшысы Александр Касицын кәсіпорын алдағы желтоқсан айында іске қосылатынын айтты.

Сондай-ақ облысымызда 99 сүт дайындау бөлімдері жұмыс істейді. Оларда жалпы мөлшері 214 мың тонна сүтке шақталған 126 арнайы салқындатқыш жабдықтар орнатылған. Ал сүт өңдеу бағытында 18 кәсіпорын жұмыс істейді.

Сүт өңдеу кәсіпорындары сүттің литрін қосымша құн салығынсыз есептегенде 117 теңгеден қабылдауда.  Биыл сүт өндіру бағытында  Ақсу қаласында да «КронАгро» шаруашылығы 1200 бас ірі қараға арналған тауарлы сүт фермасы бой көтеруде.

Шаруа қожалығының директоры Дидар Бейсембаевтың айтуынша,  суармалы алқаптарды іске қосу, тауарлы сүт фермасын және көкөніс сақтау қоймасын салу бойынша жұмыс істеуде.

Ал, 1200 бас ірі қараға арналған тауарлы сүт фермасының құрылысы келесі жылы іске қосылады.