Тағайындау • 23 Қазан, 2019

Солтүстік Қазақстан әкімі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды

433 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және облыс әкімінің өкіміммен Олжас Нұрланұлы Ыдырысов Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.

Солтүстік Қазақстан әкімі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды

О.Ыдырысов 1985 жылы Алматы қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін тәмамдаған.

Әр жылдары  Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі және Іс Басқармасы жүйесінде жұмыс істеген.

Осы тағайындауға дейін Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып қызмет еткен.