Руханият • 23 Қазан, 2019

Абай дүкені – Бельгияда

319 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Себебі Абай – Бельгияда да Абай. Дәлел керек десеңіз – міне.  Бельгиядағы ірі қалалардың бірі – Антверпеннің орталық көшелерінің бірінде Абай дүкені орналасқан. Антверпенді өнер қаласы деп атауға да болады. Рубенс, Антуан Ван Дейк, Адриан Брауэр, Квентин Матсес және Питер Брюгельдің дүниеге келген жері.

Абай дүкені  – Бельгияда

Абай дүкенін ашқан – ағайынды еврей жігіттер. Жігіттердің есімдері де хакімнің есімімен тығыз байланысты. Бірінің есімі – Авраахам болса, екіншісін де осыған ұқсаттырып қойған. Авраахамды әкесі  Абай деп еркелеткен. Ағайынды екі жігіт те ұлы хакімнің шығармаларын біліп өскенге ұқсайды. Азамат болып ержеткен жігіттер бүгінде Белгьгияның ірі сауда орталығында кәсібін дөңгелентіп отыр.

Әлемде бриллиант саудасын жүргізетін үш орталық бар: Тель-Авив, Антверпен және Йоханнесбург. 

Абай дүкені әлемдегі ең ірі гауһар тастар мекенінің шырайын келтіріп, сән беріп тұр.