Саясат • 25 Қазан, 2019

Жапония – еліміздің маңызды серіктесі

246 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жапонияның 126-шы императоры Нарухитоның таққа отыру рәсіміне қатысуға арналған сапарында Токио қаласында бірқатар маңызды кездесулер өткізгені белгілі. Осы орайда бүгін біз Елбасының Жапонияға арнаған бұл сапарының екіжақты ынтымақтастыққа тигізер оң әсері жөнінде отандық сарапшылардың пікірін ұсынып отырмыз.

Жапония – еліміздің  маңызды серіктесі

Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев­тың Жапонияға жаса­ған сапары Күншы­ғыс елінің жаңа импера­то­рының таққа отыру рәсіміне қатысудан басқа да маңызды тәжірибелік мәнге ие болды.

Әлемнің үшінші экономи­ка­сы­мен екіжақты қарым-қаты­нас­­тарды дамыту шеңберінде Ел­ба­сы ұзақ уақыт бойы Жапо­ния Премьер-Министрі Синдзо Абэ­­мен маңызды келіссөздер жүр­­гізді.

Кездесу барысында екі сая­­сат­­кер Қазақстан мен Жапо­ния арасындағы қарым-қаты­нас-
­тар­дың жоғары мәртебесін растады. Еске сала кетсек, 2016 жы­лы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жапо­нияға сапары кезінде елдер ара­сындағы байланыс жаңа сапалы дең­гейге – «кеңейтілген страте­гия­­лық серіктестікке» дейін көте­рілді.

Бүгінгі таңда Қазақстан – Жапо­нияның Орталық Азиядағы ең ірі сауда серіктесі. 2018 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 30%-ға өсіп, 2 миллиард АҚШ долларына дейін жетті. Жапония Қазақстанның шетелдік инвесторларының алғашқы ондығына кіреді. Жапондық инвестициялардың жалпы ағындары 2005 жылдан 2018 жылға дейін 5,8 миллиард АҚШ долларын құрады.

Сонымен қатар Қазақ­стан жоғары технологиялар саласындағы әлемдік көшбас­шылардың бірі – Жапония­мен технологиялық ынты­мақ­тастықты дамытуға ерекше назар аударады.

Ынтымақтастықтың басым бағыттары атом энергетикасы, машина жасау, телекоммуникациялар және т.б. салаларды қамтиды. Жалпы алғанда, бүгін­де Қазақстан нарығында шамамен 70 жапондық кәсіпорын жұ­мыс істейді.

Жапония үшін Қазақстан – Еуразияның дәл орталығында орналасқан маңызды серіктес. Бұл ретте Жапония үшін кө­лік-логистикалық саладағы ынты­мақтастықты дамыту ерекше қызығушылық тудырады.

Тағы бір маңызды бағыт – энергия ресурстары, уран және сирек кез­десетін метал­дар сияқ­ты стра­тегия­лық ре­сурс­­тар сала­сын­дағы әріптес­тікті дамыту.

Жапониямен кеңейтілген қаты­настар Қазақстанда «Шы­ғыс Азия» сыртқы саясат век­торы­ның ма­ңызды элементі ретінде қарастырылады, екі ел де халық­аралық қатынас­тардағы көптеген өзекті мә­селелер бойынша ортақ пікір-
де.

Нұрсұлтан Назарбаевтың Жа­понияға жасаған кезекті сапары екі ел арасындағы ынтымақ­тастықтың зор әлеуетін тағы да растап, ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге жаңа серпін берді.

 

Ержан САЛТЫБАЕВ,

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры жанындағы ӘЭСИ директоры

 

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20