Спорт • 25 Қазан, 2019

Футзал: Голландияның тас-талқанын шығардық

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футзалдан 2020 жылы өтетін әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасы Голландияны 5:0 есебімен ойсырата ұтты.

Футзал: Голландияның тас-талқанын шығардық

Румынияның Пьятра-Нямц қаласында өткен матчта Дуглас Жуниор (1, 21, 34 минуттар) хет-триктің авторы атанса, өзге голдары Игита (15 минут) мен Кнауб (40 минут) соқты. Осылайша, Қазақстан құрамасы екінші кездесуін жеңіспен аяқтады. Естеріңізге сала кетейік, алғашқы ойында біздің жігіттер Албанияның қақпасына жауапсыз төрт доп салған. Бұл голдардың авторлары – Ақбалықов (6 минут), Тайнан (26 минут), Дуглас Жуниор (31 минут) және Тұрсағұлов (37 минут). 

Өзінің соңғы кездесуін жерлестерімз 26 қазанда Румыния құрамасына қарсы өткізеді.