Саясат • 31 Қазан, 2019

Гаагада Қазақстан-Нидерланды қарым-қатынастарын нығайту перспективалары талқыланды

187 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қазақстан Премьер-министрі Асқар Маминнің Нидерландыға ресми сапары аясында Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Нидерланды Корольдігінің Сыртқы саяси ведомствосының басшылығымен және Бас Штаттар өкілдері Палатасының мүшелерімен бірқатар кездесулер өткізді. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Гаагада Қазақстан-Нидерланды қарым-қатынастарын нығайту перспективалары талқыланды

Нидерланды сыртқы істер министрлігі Бас директорының саяси істер жөніндегі орынбасары Питер-Ян Клейвег де Зваанмен кездесу барысында тараптар елдер арасындағы сындарлы саяси диалогты атап өтіп, екіжақты ынтымақтастықтың алдағы перспективаларын талқылады.

Р. Василенко Қазақстан Нидерландыны Еуропадағы негізгі саяси және сауда-экономикалық серіктестердің бірі ретінде қарастыратынын атап өтті. Аса жоғары және жоғары деңгейдегі байланыстардың жоғары қарқыны, екі ел басшылары диалогының сенімді сипаты, сондай-ақ Қазақстан мен Нидерландының БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне бір мезгілде мүше болуы барысындағы дипломаттардың өзара іс-қимылының оң тәжірибесі атап өтілді.

Ол Қазақстан Премьер-Министрінің сапары барысында қол қойылған ауыл шаруашылығы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және жерді қашықтықтан зондтау салаларындағы ынтымақтастық туралы құжаттардың маңыздылығын атай отырып, «Корольдік Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы көлемі бойынша «нөмір бірінші» инвестор болып табылады және бұл үрдіс жалғасын табады деп үміттенеміз», - деді.

Сонымен қатар, қазақстандық дипломат әріптестерімен Қазақстанның Нидерландыда «Kazakh Invest» АҚ еуропалық офисін ашу жөніндегі жоспарлары туралы ақпаратпен бөлісті.

Өз кезегінде, Нидерландтық тарап Қазақстанда жүргізіліп жатқан құқық үстемдігін одан әрі нығайтуға және бизнес үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған саяси және экономикалық реформаларды қолдайтынын атап өтті.

Ынтымақтастықтың қазіргі жоғары деңгейін ескере отырып, тараптар Қазақстан мен Нидерланды сыртқы саяси ведомстволары арасындағы саяси консультациялар форматында тұрақты байланыстарды қолдау маңызды деп келісті. Нидерланды СІМ Бас директорының орынбасары осындай келіссөздерді өткізу үшін жауапты сапармен Нұр-Сұлтанға келуге дайын екенін жеткізді.

Әңгімелесу барысында тараптар елдердің көпжақты форматтағы табысты өзара іс-қимылын және Нидерландының Қазақстан мен ЕО арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімін ратификациялауын қанағаттана атап өтті. Дипломаттар ЕО-ның Орталық Азия бойынша жаңа стратегиясы шеңберіндегі ынтымақтастық перспективаларына, «Жусан» операциясы шеңберіндегі әскери іс-қимылдар аймақтарынан өз азаматтарын қайтарудың қазақстандық тәжірибесіне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратпау мәселелері бойынша өзара іс-қимылға ерекше назар аударды.

Қазақстандық тарап ағымдағы жылдың 26 қарашасында Гаагада өтетін «Әлем дәрігерлері ядролық соғысты болдырмау үшін» ұйымының Нидерландтық бөлімшесінің 50 жылдығы аясында өтетін «Ядролық қарудан азат әлемге шақыру» халықаралық конференциясына қатысуға дайын екендігін жеткізді.

Гаагада болу барысында Р. Василенко Нидерланды Корольдігі бас Штаттары өкілдері палатасының Халықаралық істер жөніндегі комитетінің мүшелерімен де кездесу өткізді.

Министрдің орынбасары елімізде болып жатқан ішкі саяси үдерістер және Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қыркүйек айындағы Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсеткен басымдықтары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Қазақстанның көпвекторлы дипломатиясы «Демократы 66» партиясынан депутат Шьорд Шьордсманың үлкен қызығушылығын тудырды, ол Қазақстан Премьер-Министрінің сапарын Қазақстан мен ЕО арасындағы өзара іс-қимылды нығайтудағы маңызды қадам ретінде атап өтті.

Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясында Нидерланды атынан өкілдік ететін «еркіндік пен демократия үшін» халықтық партиясынан депутат Энн Мюлдер парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтудің маңыздылығын атап өтті. Қазақстанның ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы және Еуропа Кеңесі сияқты парламенттік институттармен өзара іс-қимылы мәселесі бөлек талқыланды. Нидерландтық заң шығарушылар осы парламентаралық құрылымдардың іс-шаралар аясында қазақстандық депутаттармен жиі кездесулер өткізуге, сондай-ақ елімізге сапармен келуге ниет танытты.

Сонымен қатар кездесу барысында Орталық Азиядағы өңірлік ынтымақтастық мәселелері, Қазақстанның ЕАЭО-ға және «Белдеу мен жол» бастамасына қатысуы, Ауғанстанды тұрақтандыруға қосқан еліміздің үлесі, сондай-ақ терроризм мен экстремизмге қарсы күрес мәселелері талқыланды.

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025