«Бастау» жобасының 272 түлегі 709 млн теңге көлемінде қаражат алды. «Еңбек» бағдарламасы аясында жалпы сомасы 61 миллион теңгеден астам 141 грант берілді.
Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Абдолла Идресовтің айтуынша, бағдарламаға облыс орталығының тұрғындары да, барлық жеті ауданның тұрғындары да қатысқан.
- Қазіргі уақытта жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған 1090 адамды оқыту жоспарланған, оның ішінде 1111 адам оқытылады, 725 миллион теңге көлемінде 285 жоба қаржыландырылады. Жобалардың негізгі үлесі ауыл шаруашылығы саласында - 25%, өңдеу өнеркәсібі - 17%, сондай-ақ сауда және қызмет көрсету саласы, - деді Абдолла Идресов.
Айта кету керек, өткен жылы Атырауда жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша 1325 адам оқытудан өтті. Оның ішінде 305 адам қаржыландырылып, 1 миллиард 200 мың теңге көлеміндегі бизнес жобаларын іске асырды.