Спорт • 01 Қараша, 2019

Жекпе-жек: Қуат Хамитов Сочиде күш сынасады

315 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық ережесіз жекпе-жек шебері Қуат Хамитов өзінің келесі кездесуін 14 желтоқсанда Ресейдің Сочи қаласында өткізеді. Ол Gorilla Fighting Championship турнирінде жергілікті спортшы Руслан Тедеевпен айқасады.

Жекпе-жек: Қуат Хамитов Сочиде күш сынасады

«Найман» деген бүркеншік есіммен айқас алаңына шығып жүрген 31 жастағы Қуат Хамитов осы күнге дейін 26 кездесу өткізіп, 20 рет жеңіске жетті. Ол грек-рим күресінен бірқатар республикалық жарыстардың жеңімпазы және жүлдегері. Өзінің соңғы бәсекесін үстіміздегі жылдың сәуір айында Ресейдің Мытищи қаласында Fight Nights Global нұсқасы бойынша чемпиондық белбеу үшін әзірбайжандық Нариман Аббасовқа қарсы өткізіп, ұпай санымен ұтылды.

Қуаттың қарсыласы жайында айтар болсақ, 29 жастағы Руслан Тедеев 14 мәрте айқас алаңға шығып, 9 рет жеңіс тойын тойлады. Ол Мәскеу облысының тумасы. Соңғы жекпе-жегін 6 маусымда өзінің жерлесі Сергей Лепискихке қарсы өткізіп,  айқын басымдық танытты.