26 Наурыз, 2010

600 МЫҢ ТЕҢГЕ АУДАРАДЫ

628 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Н.На­зар­баевтың су тасқыны сал­да­рынан зардап шеккен адамдарға көмек көрсету туралы үндеуіне орай мемлекеттік мекемелер, меншіктің барлық түріндегі ұйымдар мен жеке азаматтар жан-жақты материалдық және моральдық көмектерін ұсынуда. Осының бәрі Қазақстан азамат­тарының шынайы патриотиз­мінің, халықтардың бірлігі мен топтасқандығының айғағы болып табылады. Президент жанындағы Әй­ел­дер істері және отбасылық-де­мографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мен “Сезон” журналының редакциясы Мем­лекет басшысының үндеуін қолдай отырып, табиғи апаттан зардап шеккен Қызылағаш жә­не Егінсу ауылдарының тұр­ғындарына 600 мың теңге ау­дару жөнінде шешім қабылдады. “Егемен-ақпарат”.