Спорт • 01 Қараша, 2019

Грек-рим күресі шеберлерінің бәсекелері басталды

458 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін грек-рим күресі шеберлері Венгрияның астанасы – Будапеште 23 жасқа дейінгі балуандар арасында өтіп жатқан әлем біріншілігіндегі өз бәсекелерін бастады.

Грек-рим күресі шеберлерінің бәсекелері басталды

Бүгін бес салмақ дәрежелері бойынша сайыстар өтеді. Бақ сынаушылар қатарында Қазақстанның да балуандары бар. Атап айтсақ, 55 кило салмақта Аманғали Бекболатов бірінші болдып боз кілемге шығады. Оның қарсыласы – америкалық Брэди Контц. 63 кило салмақтағы Ернар Фидахметов те АҚШ спортшысымен сайысқа түседі. Ол Далтон Роберспен белдеседі. 77 кило салмақтағы Темірлан Шадукаев Иранның өкілі Әли Абболфазимен айқасады. 87 кило салмақтағы Бауыржан Мусин армениялық Альберт Егхикянмен күреседі. 130 кило салмақтағы Мансұр Шадукаев Грузияның алыбы Звиади Патаридземен күш сынасады.

Ертең тағы бес салмақ дәрежесі бойынша өтетін бәсекелер өтеді. Бұл бәсекелерде Қазақ елі намысын Дастан Зарлыханов (60 кило), Нұрбек Қызыров (67 кило), КаҺарман Қисыметов (72 кило), Евгений Поливадов (82 кило) және Олжас Сырлыбай (97 кило) сынды сайыпқырандар қорғайды.