26 Наурыз, 2010

ҚАРАҒАНДЫЛЫҚТАР ДА ҚАЛЫС ҚАЛМАУДА

593 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қызылағаштағы қайғылы оқиға өндірісті өңір жұрты көкірегіне де қатты батты. Тосын апаттан опат болғандардың отбасылары мен зардап шеккендердің қасіреті әркімнің де ет-жүрегін елжіретті. Олар­ға көмек көрсетуге алдымен үн қосқан шағын және орта бизнес өкілдерінің үлкен  тобы табыс­та­рының бір бөлігін қолдау қорына аударуды шешті. Әріптестерін қайырымдылыққа жұмылдырушылардың бірі “Аспап” ЖШС жетекшісі, облыстық мәс­лихат депутаты  Төлеген Әшімов өз атынан 200 мың теңге арнаумен бірге кәсіпорынның Қызылғашта бірнеше тұрғын үй салуды шеш­кендігін кеше тілшілер қосынына хабарлады. Сонымен қатар кәсіп­керлердің облыстық қауымдасты­ғының атқарушы директоры Гүл­нәр Құрбанбаева мәлім еткендей, іскер топтар бірігіп 5 миллион теңге аударуды ұйғарды. Ал бұл күнде сондай-ақ қиім-кешек, азық-түлік жөнелтілуде. Жекелеген азаматтар мен қо­ғам­дық ұйымдардың, бизнестік саланың осындай қолдауына қоса облыс өз тарапынан 50 миллион тең­ге материалдық көмек көрсетпек. Айқын НЕСІПБАЙ. ҚАРАҒАНДЫ.