Технология • 05 Қараша, 2019

Digital Bridge – IT-мамандарға арналған халықаралық технологиялық форум

40 реткөрсетілді

Қазақстан астанасында «Digital Bridge» халықаралық технологиялық форумы жұмысын аяқтады. Digital Bridge – бұл интернет-компаниялар, технологиялық кәсіпкерлер, венчурлік инвесторлар, мемлекеттік лауазымды тұлғалар, корпорациялар, IT-мамандар, блогерлер және цифрлы БАҚ үшін өтетін жыл сайынғы форум. Биыл форумға әлемнің 25 елінен 5 мыңнан астам адам қатысты.

 

Биыл «Digital Bridge» форумы еліміздің жас IT-мамандарын қолдау үшін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен өтке­нін айта кеткен ләзім.

Форум барысында Шанхай Ын­тыма­қ­тастық Ұйымы елдері халық­аралық технопарктерінің дөңгелек үс­телі өтті. Дөңгелек үстелге қатысу­шы­лар техникалық кәсіпкерліктің экожүйесіндегі ғылыми-зерттеу инс­титут­тары, технопарктер және мүд­де­лі тараптар арасындағы ынтымақ­тастықты нығайту үшін ШЫҰ елдері технопарктерінің мүмкіндіктерін талқылады. Дөңгелек үстелге Astana Hub халықаралық IT-стартаптар тех­нопаркінің бас директоры Джозеф Циглер, «IT Park Uzbekistan» техно­паркінің бас директорының орынбасары Абдулахад Кучкаров, Қырғыз Республикасының Жоғары технологиялар паркінің директоры Алтынбек Исмаилов, «Future Laboratory» бас директоры Иракли Кашибадзе, «Innoland» даму корпорациясының негізін қалаушы Маммад Карим, Қытай Халық Республикасындағы «Сколково» инновациялық орталығының өкілі Ев­гений Косолапов, Қытай Халық Респуб­ликасындағы серіктес. инвесторлар үшін «Angel Labs» акселераторы Тугче Эргул және «Techstars» акселераторының ай­мақ­тық менеджері Анураг Малу қатысты.

«Инновацияның шегі, шектеулері жоқ. Біз бірге жұмыс істегіміз, біліммен бөлі­сіп, стартаптарға мақсаттарға жетуге көмектескіміз келеді. Ешкім толыққанды экожүйені дербес жасай алмайды. Мен жұмыс істеп үлгерген ең үздік стартаптар да жақсы команда мен ресурстарсыз ешқашан дамымаған. Бізде әртүрлі даму деңгейі бар, бірақ бұл жаман емес. Мысалы, Грузиядан біздің нарыққа ке­летін дамыған нарық ойыншыларын елестету керек. Олар біздің нарықта өте табысты жұмыс істей алады. Өйткені мұнда үлкен бәсекелестік жоқ. Олар осында келіп, стартаптар ашып, оқитын жергілікті тұрғындарды жалдайды. Бұл өз стартаптарын құруға көмектеседі» деді Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркінің бас директоры Джозеф Циглер.

«Digital Bridge» алаңында Next Tech Entrepreneur Forum стратегиялық секция­сы өтті. Секция шеңберінде «Болашақ білім беру: технологиялар білім беру жүйе­сін қалай өзгертеді?», «Орталық Азия­дағы корпоративтік инновациялар», «Кәсіпкер әйелдер бизнесіндегі та­быс құпиялары», «Венчурлік инвес­тициялар: Стартапты қалай табысты етіп жасауға болады?» және басқа да та­қырыптар талқыланды. «Цифрлы эко­номика үшін кадрлар» сессиясы аясында IT-технологиялар мен білім беру саласының сарапшылары жаңа буынды дайындауға, білімді өзгертуге және кәсіптер әлемін жасанды интеллект ар­қылы өзгертуге болатынын әңгіме арқауына айналдырды.

«Машиналарды басқару жаңа мүм­кіндіктерге әкеледі. 10 жыл бұрын біз машиналармен қалай жұмыс істеу керектігі туралы білімге көңіл аудардық. Бүгінде жасанды интеллект адамның қызметін алмастырды. Бірақ бізге адамдар қажет, бізге осы өзгерістерді басқаратын көш­бас­шылар қажет», деді 01 Edu System негізін қалаушы Николя Садирак.

«Болашақтың білімі: технологиялар білім беру жүйесін қалай өзгертеді?» сессиясындағы пікір алмасу кезінде Future Laboratory бас директоры Ираклий Кашибадзе өз компаниясының білім берумен және инновациямен айналы­сатынын жеткізді. Ол зерттеулер нәти­жесінде тек Грузияда ғана емес, сонымен қатар әлемде адам білім алу мен оны қалыптастыру процесін қайта ойлау керек деген қорытындыға келгендерін айтады. И.Кашибадзенің айтуынша, адам­ның нейропластикалық миы бар. Бұл бұрыннан келе жатқан миф. Яғни адам бәрін оқи алады. Осы орайда ол өз кәсіпорнының болашақтың мәселелерін зерттейтініне қуанатынын атап өтті.

Форум аясында IT-қауымдастығы мен цифрландыру жөніндегі бес вице-министр, атап айтқанда, Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев, Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев, Қар­жы вице-министрі Руслан Еңсебаев, Цифрлық даму, инновация және аэро­ғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абы­лайхан Оспанов IТ қоғамдастық өкілдерімен ашық әңгімелесті.

5 CDO Open Talks сессиясы Astana Hub IT-стартаптар халықаралық тех­нопаркінде өтті. CDO немесе Chief Digital Officer дегеніміз – цифрлы транс­формацияға жауап беретін менеджерлер. Вице-министрлер сессия кезінде ІТ-қоғамдастық өкілдерімен бірлесіп, цифр­лы жобаларды іске асырудағы мемлекеттік органдардың ІТ-нарықпен ынтымақтастығын талқылады. Сонымен қатар «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының ағымдағы жобаларын іске асырудың қиындығы мен ІТ-на­рықтың мемлекетке көмегін ортаға салды.

«Бүгінде Қазақстанда 5 мыңға жуық IT-компания тіркелген және жұмыс іс­тейді. Бұл компаниялар орындайтын өндіріс көлемі бүгінде 700 млрд теңгені құ­райды. IT-нарықта жұмыспен қамту 43 мыңға жуық маманды құрайды. Бұл сан жыл сайын өсіп келеді. IT-нарыққа ин­вес­тиция 31 млрд теңгені құрады. Бұл ретте Astana Hub-пен бірге жұмыс істейтін компаниялар салықтық преферен­циялар алады», деді Абылайхан Оспанов.

«Digital Bridge» аясында биыл серіктес ретінде «Қазақтелеком» АҚ қолдауымен Boost Esports Academy академиясы ки­берспорт бойынша жарыс өткізді. Counter-Strike: Global Offensive бойынша турнирдің жеңімпазы 100pingGOD’s командасы болды. Турнирдің жүлде қоры 300 мың теңгені құрады. Сонымен қатар форум аясында жыл сайынғы Astana Hub Awards сыйлығы берілді. Жеңім­паздарға сыйлықты Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнер­кәсібі министрі Асқар Жұмағалиев тап­сырды. Бұл сыйлықтың басты мақ­саты – стартаптардың табысты кә­сіп­керлік бастамаларын ынталандыру, ин­новацияларды дамытуға және қол­дау инфрақұрылымын нығайтуға жәр­дем­десу, сондай-ақ Қазақстанда IT-кә­сіпкерлікті дамытуға қолдау көрсету. Биыл Antidolg.kz – «Жылдың ашылымы», Biometric» – «Жылдың IT-стар­тапы», Рамиль Мухоряпов «Жылдың IT-кәсіпкері» аталымы бойынша марапатталды. Сондай-ақ Astana Hub Battle технологиялық стартаптарының жарысы өтті. Алдын ала өтінімдерді іріктеуден кейін сахнада өнер көрсету құқығын 90 команда алса, олардың 10-ы жартылай финалға өтті. Үздік ондықтан қазылар алқасы үш жеңімпазды таңдады. Финалда сөз сөйлеудің қорытындысы бойынша Astana Hub Battle жеңімпаздары белгілі болды. Оның ішінде бірінші орын – Kid Security – GPS трекинг бойынша қосымшасына берілді, бұл баланың ұялы телефон арқылы орналасқан жерін қадағалауға мүмкіндік береді; екінші орын – Abscrypt – Киберқауіпсіздік бойынша бағдарламалық қамтамасыз ету; үшінші орын – Antidolg.kz-онлайн-қарыздар бойынша қарыздары бар ха­лық­қа көмек көрсетуді ұйымдастыруға маманданған заң қызметін көрсетуге бағытталған.

Форум Цифрлық даму, инновация­лар және аэроғарыш өнеркәсібі министр­лігінің ұйымдастыруы бойынша «Зерде «Ұлттық инфокоммуникациялық хол­дингі» АҚ, Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркінің қатысуымен және «Қазақтелеком» АҚ, «Хуавей Тек­нолоджиз Қазақстан», «Майкрософт Қазақстан» компанияларының қол­да­уымен өтті.

 

Соңғы жаңалықтар

Баспасөз рөлі – басты мәселе

Әдебиет • Бүгін, 15:49

Жаңа үлгідегі көліктер

Қоғам • Бүгін, 09:08

Grand Slam жарысында белдеседі

Спорт • Бүгін, 08:30

Мексикалықтың қарсыласы атануы мүмкін

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 08:29

Оқырманмен ой бөлісті

Руханият • Бүгін, 08:17

Қиянатқа қарсы тұрған газет

Руханият • Бүгін, 07:49

Жемқорлық жерге қаратады

Қоғам • Бүгін, 07:48

«Бір сынаған жаманды...»

Аймақтар • Бүгін, 07:46

Ерлі-зайыптылардың ерлігі

Аймақтар • Бүгін, 07:43

Ел игілігін еселеген жан

Руханият • Бүгін, 07:32

Ең қымбат ұлттық брендтер

Әлем • Бүгін, 07:23

Теңгенің тегеуріні

Қаржы • Бүгін, 07:21

Сенім капиталы

Экономика • Бүгін, 07:18

Қор алдында үлкен міндеттер тұр

Қазақстан • Бүгін, 07:04

Ұқсас жаңалықтар