Футбол • 05 Қараша, 2019

Футбол: Қазақстан өз құрамын жариялады

561 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

16 және 19 қараша күндері футболдан Қазақстан құрамасы 2020 жылы өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінің соңғы кездесулерін өткізеді. 

Футбол: Қазақстан өз құрамын жариялады

Ұлттық командасымыздың бас бапкері Михал Билек сырт алаңда Сан-Марино және Шотландия құрамаларына қарсы өтетін матчтарда мына ойыншыларға сенім артып отыр:

Қақпашылар – Дмитрий Непогодов («Ордабасы»), Стас Покатилов («Қайрат») және Игорь Шацкий («Шахтер»);

Қорғаушылар – Абзал Бейсебеков, Юрий Логвиненко, Дмитрий Шомко («Астана»), Нұралы Әліп, Гафуржан Сүйімбаев («Қайрат»), Александр Марочкин («Қайсар»), Темірлан Ерланов, Сергей Малый («Ордабасы»), Олжас Керімжанов («Жетісу») және Ян Вороговский («Беерсхот», Бельгия);

Жартылай қорғаушылар – Юрий Перцух («Астана»), Айбол Әбікен, Георгий Жуков, Бауыржан Исламхан, Исламбек Қуат («Қайрат»), Асхат Тағыберген («Қайсар») және Бахтиер Зайнутдинов («Ростов», Ресей);

Шабуылшылар – Максим Федин («Тобыл»), Алексей Щеткин («Ордабасы») және Абат Айымбетов («Ақтөбе»).

Сондай-ақ резервте мына футболшылар бар: Владимир Плотников, Еркебұлан Сейдахмет («Қайрат»), Асланбек Кәкімов («Ақтөбе»), Серікжан Мұжықов, Роман Мұртазаев, Сергей Хижниченко («Астана»), Аслан Дарабаев, Еркін Тапалов, Айбар Жақсылықов («Жетісу»), Думан Нарзилдаев («Қайсар»), Марат Быстров, Тимур Досмағамбетов, Тоқтар Жаңғылышбай («Ордабасы»), Виктор Дмитренко, Азат Нұрғалиев, Бауыржан Тұрысбек, Руслан Валиуллин, Дмитрий Мирошниченко («Тобыл») және Геворг Наджарян («Шахтер»).