Спорт • 05 Қараша, 2019

Теннис: Ұлыбритания Дэвис кубогына қатысатын құрамын жариялады

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

18-24 қараша аралығында Мадридте өтетін Дэвис кубогы жолындағы жарыстың финалдық сайысында Ұлыбритания командасы қандай құрамда өнер көрсететіні белгілі болды.

Теннис: Ұлыбритания Дэвис кубогына қатысатын құрамын жариялады

Айтулы додада Тұманды Альбион елінің намысын Дэн Эванс (әлемнің 41-ракеткасы), Кайл Эдмунд (әлемнің 75-ракеткасы),Энди Маррей (әлемнің 128-ракеткасы) және Джейми Маррей (Жұптық сайыстағы әлемнің 20-ракеткасы) мен Нил Скупски (жұптық сайыстағы әлемнің 26-ракеткасы) сынды ойыншылар қорғайды.

Естеріңізге сала кетейік, Дэвис кубогында Ұлыбритания теннисшілері Қазақстан және Голландия құрамаларымен бірге бір топта өнер көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар