Әлем • 05 Қараша, 2019

Теннис: Рафаэль Надаль көш бастады

180 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кеше теннисшілердің әлемдік рейтингі қайта жаңарды. Ерлер арасында осыған дейін көш бастап тұрған Сербияның саңлағы Новак Джокович өз орнын Испанияның мықтысы Рафаэль Надальға босатты.

Теннис: Рафаэль Надаль көш бастады

Қазіргі кезде көш басына шыққан Рафаэль Надальдің еншісінде 9585 ұпай бар. Екінші орынға сырғып түскен Новак Джокович 8945 ұпайды еншілеуде. Сондай-ақ швейцариялық Роджер Федерер (6190 ұпай), ресейлік Даниил Медведев (5705 ұпай), австриялық Доменик Тим (5025 ұпай), грекиялық Стефанос Циципас (4000 ұпай), германиялық Александр Зверев (2945 ұпай), италиялық Маттео Берретини (2670 ұпай), испаниялық Роберто Батиста-Агут (2540 ұпай) және франциялық Гаэль Монфис (2530 ұпай) «ТОП-10» теннисшінің қатарына еніп отыр.

Қазақстан құрама командасы мүшелері арасында АТР рейтингінде ең үздік көрсеткіш Александр Бубликке тиесілі. Ол үздіктер тізімінде 48 орынды иеленуде. Еліміздің екінші ракеткасы Михаил Кукушкин үздіктер тізімінде 67 сатыда тұрақтауда.  

Әйелдер арасында австралиялық Эшли Барти (7851 ұпай) алдына ждан алмай келеді. Екінші және үшінші орындарда – ехиялық Каролина Плишкова (5940 ұпай) мен жапониялық Наоми Осака (5496 ұпай). Сонымен қатар үздік ондықтың қатарында румыниялық Симона Халеп (5462), канадалық Бьянка Андрееску (5192 ұпай), украиналық Элина Свитолина (5075 ұпай), чехиялық Петра Квитова (4776 ұпай), швейцариялық Белинда Бенчич (4745 ұпай), голландиялық Кики Бертенс (4245 ұпай) және америкалық Серена Уильямс (3965 ұпай) үздік ондықтың қатарында.

WTA рейтингінде «ТОП-10» теннисшінің қатарына үш отандасымыз еніп отыр. Олар – Юлия Путинцева (34 орын), Елена Рыбакина (37 орын) және Зарина Диас (78 орын).         

Соңғы жаңалықтар