Ең қысқа әңгіме • 05 Қараша, 2019

Ең қысқа әңгіме. Әзілбек Гүлден

981 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ең қысқа әңгіме. Әзілбек Гүлден

Қиыншылық  қыспағы 

Төрт баланың оқу құралын толықтау жалғыз басты ана үшін оңайға түспеді. Жарғақ құлағы жастыққа тимей, қанша титықтаса да бүгін тапқаны бүгіннен аспады. Ақыры жомарт байдан қарыз алып, балаларын мектепке орналастырып болғанына мәз. Ал өз жағдайын ойлағанда қуаныш құсы қонақтаған көңілі су сепкендей басылады. Онымен қоймай кедей кезеңнен тосып, ойпаңнан тонайтын қырсықты жомарт бай да бергеніне екі күн болмай жатып, ақшасын сұрап, жанын алардай өңмеңдейді.

Бойымды билеген қорқыныш

Сүркейлі күн,  суық ызғар,  мен өз басымдағы қайғыммен жан аласапыран кеңістігінде жүрмін. Арқа сүйер аяулы анашымсыз өмірдің керегі не деп өз-өзімді құздан құлатқандай талықсып барып шала бауыздалған қойдай есеңгіреймін. Жасы егделеу тартқан бір бейтаныс ана өлемектің артынан өлмек жоқ, мықты бол, орныңнан тұр, - деп қолымнан тартқыштап жатыр. Мен айқасқан кірпіктерімді әрең ашып  қарасам, қарсы алдымда анам: - Қызым, тұрсаңшы енді, күн көк жиектен көтерілгелі қашан?! Таңғы асыңды іш, - дегенде тер басқан жүзімдегі жас шыққан көзімді де сүртуге үлгірмей анамды бас салып құшақтаған беті тұрып қалдым.

 

Әзілбек Гүлден

Соңғы жаңалықтар

Сарқырама тоқтаған күн

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Әлемге һәм елге әйгілі

Өнер • Бүгін, 08:20

Нобель, Букер және біз

Руханият • Бүгін, 08:15

Бір сағаттағы үш мереке

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Манасты қазақша жырлаған

Руханият • Бүгін, 08:05

Жарқыра, жұлдыз!

Өнер • Бүгін, 08:02

Әнге айналған тағдыр

Театр • Бүгін, 07:57

Сиқырлы пошта

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:55

Мың баланың қуанышы

Қоғам • Бүгін, 07:45

Жаңа жыл алдындағы ғажайып

Қоғам • Бүгін, 07:40

Бүлдіршіндер шаттанған шақ

Балалар • Бүгін, 07:35

Алма мен Аяз ата

Қоғам • Бүгін, 07:30