Аймақтар • 05 Қараша, 2019

Қарағанды облысы Әділет департаментінде жазушы Жан Ақжановпен кездесу өтті

244 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қарағанды облысы Әділет департаментінде жазушы Жан Ақжановпен кездесу өтті

«Қарағанды облысы Әділет департаментінің ұжымы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жанрдағы «Путь врача», «Степь и судьба», «Солнце улыбается тебе» атты шығармалардың авторы, жазушы Жан Ақжановпен шығармашылық кездесті.

Іс шарада Қарағанды облысы бойынша ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттігі Департамент басшысының орынбасары А.О.Оразхан қатысты.

Өз сөзінде Қ.Тажибаев азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы құқықтық мәдениетті көтеру, оның алдын алу бойынша  Департаментпен жүргізіліп жатқан жұмыстарымен қысқаша таныстырып өтті.

Өз кезегінде жазушы Ж.Ақжанов азаматтардың санасында жоғары моральдық-этикалық құндылықтарды тәрбиелеудегі ойымен бөлісті.

Іс шараның соңында жазушының кітаптарының тұсаукесері өтті», делінген хабарламада.