Аймақтар • 06 Қараша, 2019

Оқушының олжасы

261 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тараз қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Дана Құрманбек құрғақ сарысуды өндіретін бизнес-жоба ойлап тапты.

Оқушының олжасы

Жас ғалым аталған жобаны жүзеге асыруға екі 2 миллион теңге ұтып ал­ған. Оқу­шының бизнес-бастама­сына «Атамекен» ұлт­тық кә­сіп­керлер палатасы «Биз­нестің жол картасы-2020» бағ­дарламасы ая­­сында қолдау біл­дірген. «Біз­дің елге құрғақ сүт сары­суы Ресей мен Бе­ларусь мем­лекеттерінен им­портта­лады. Ал оны өзіміз өн­ді­­ре бастасақ, қосымша шы­­ғындардан арылатын едік. Құрғақ сарысу 150-ден астам өнім түрлерін шығаруда қол­­данылады. Олардың қа­тарында косметикалық және фармацевтикалық құралдар, шұжық және кондитерлік өнімдер, балмұздақтың түр­лері бар», дейді жас өнер­тапқыш.

Дана Құрманбек өз идеясын жақын арада іске асыруды жоспарлап отыр. Бүгінгі таңда бизнес-жоспарына сай инвестиция да дайын екен. Оқушы өзінің бизнес-жоспарын Назарбаев зият­керлік мектебі экономика пәнінің мұғалім-модераторы әрі же­­текшісі Әлия Жусан­бае­ва­­ның басшылығымен мұ­қи­ят құрып, есептеген. Ал Әлия Жусанбаева сүт өнім­де­рінің қалдықтарын қайта өңдеу арқылы құрғақ сарысуды өндіру жобасын жүзеге асыруды Тараз қаласындағы Назарбаев зияткерлік мек­тебінің базасында жүзеге асыр­ғанын, болашақта бұл еңбек өңірдің және елдің экономикасына пайда әке­леді деген үмітте екенін жеткізді.

 

Жамбыл облысы