Тағайындау • 06 Қараша, 2019

ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды

627 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ІІМ басшылық құрамына Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасарын таныстырды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады. 

ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды

Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары лауазымына әділет полковнигі Есқали Саламатов  тағайындалды.

Е. Саламатов 1971 жылы дүниеге келген, құқық қорғау органдарында 1994 жылдан бастап қызмет етеді. Басшылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесі мол.

Әр жылдары ішкі істер органдары, қылмыстық-атқару жүйесі бөлімшелерінде, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінде жұмыс істеген.

ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің орынбасары, МҚІСҚА және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменттерінің басшысы лауазымдарын атқарды.

ІІМ басшысы атап өткендей, пенитенциарлық жүйені жетілдіру – Ішкі істер органдарын жаңғырту бойынша жол картасы бағыттарының бірі.

«Барлық проблемалар бізге белгілі – бұл ескі колониялардың жағдайы, сотталғандарды ұстау жағдайлары, босатылғаннан кейін қайта әлеуметтендіру, олардың құқықтарын қамтамасыз ету, азаптау фактілері, сыбайлас жемқорлық және т.б. Комитет басшылығының алдында маңызды міндеттер тұр, оларды шешу қылмыстық-атқару жүйесін халықаралық стандарттарға жақындатады және азаматтардың сенім деңгейін арттырады», - деп атап өтті Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.