Әлем • 07 Қараша, 2019

Ауасы ластанған мемлекеттер

113 реткөрсетілді

Үндістанның солтүстігінде ауаның ластану деңгейі экстремалды сипат алып, бұл бүкіл Азия қалаларындағы ауа сапасына назар аудартты. Бұл туралы ВВС жазады.

Басылымның жазуынша, Бейжің бұрыннан қара түтінімен әлемге танымал. Дегенмен, жаңа рейтинг көрсеткендей, ауасы ластанған мемлекеттер үштігінде Үндістан, Пәкістан мен Бангладеш тұр.

«Швейцарияның IQ AirVisual компаниясының мамандары зерттеу жүргізіп, бүкіл әлем бойынша ауаның сапасы туралы мәліметтерді жинаған. Олардың айтуынша, әлемдегі ең ауасы ластанған 30 қаланың 22-сі - Үндістанда орналасқан, ал қалған сегізі - Пәкістан, Бангладеш пен Қытайда. Бір қызығы, бұл тізімде 122-орын алатын Бейжің жоқ» деп жазады басылым.

Автордың айтуынша, рейтингте Азия қалалары көш бастап тұр.

«Мемлекеттер бойынша рейтингте Бангладеш, одан кейін Пәкістан мен Үндістан тұр» деп жазады автор.

Соңғы жаңалықтар

75 күймен рекорд жаңартты

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар