Әдебиет • 08 Қараша, 2019

Көненің көзіндей экспонаттар

228 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жуырда Абайдың «Жи­дебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде «Көненің көзі» көрмесінің ашылу салтанаты өткізілді.

Көненің көзіндей экспонаттар

Өткен ғасыр тарихынан сыр шер­тетін көрмеде ісмер шеберлер мен өнерлі ұсталардың қолынан шыққан құрсаулы кесе, шыны аяққап, күміс­тен соғылған зергерлік бұйым­дарға, айбалта, шоқпар сияқты қару-жа­рақтарға, үш ішекті домбыра, аса­таяқ, дауылпаз сияқты қазақ елінің музыкалық мұрасын әлемге танытқан аспаптарға, сүйекпен әшекейленген сандық, кіршомбал, тұмарша, бойтұмар, тоғызқұмалақ және тағы басқа тұрмыстық заттарға орын берілген.

Ұлы ақын Абай Құнанбай­ұлының 1885 жылы Н.И.Долго­полов арқылы тарихи-өлке­тану музейіне өткізген тарихи жә­ді­гер­лері, Абайдың інісі әрі шәкір­ті Шәкәрім Құдайбер­діұлы­ның үл­гісіндегі кимешек және ою-өр­нек, одан бөлек Абай­дың айналасына қатысты және этнографиялық маңызға ие жәдігерлер жинақталған түрде алғаш рет көпшілік назарына ұсынылып отыр.

Аталған көрменің ашылуына қатысқан қаламыздағы зиялы қауым өкілдері мен мәдениет және өнер ошақтарының қыз­мет­керлері, студенттер мен оқушылар, әдебиет пен өнерге қызы­ғушылық танытқан Жасөс­пірімдер қалалық Мәде­ниет са­райының әншісі Б.Сләмқұловтың орындауындағы Абайдың «Көзім­нің қарасы» әнін тыңдап, шежі­реші ақсақалдардың рухани-танымдық әңгімесіне құлақ түрді.

 

Қуат ҚИЫҚБАЙ,

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» қорық-музейінің аға ғылыми қызметкері