01 Маусым, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 538

341 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 538

Сенбі, 1 маусым 2013 1:05

2013 жылғы 29 мамыр,  Астана, Үкімет Үйі

«Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидаларын
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
28 тамыздағы № 1091 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Сенбі, 1 маусым 2013 1:05

2013 жылғы 29 мамыр,  Астана, Үкімет Үйі

«Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидаларын
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
28 тамыздағы № 1091 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 тамыздағы № 1091 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., №67, 967-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидаларында:
4-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) баянат берген күнге дейін күнтізбелік 10 күн бұрын алынған әскери қызметші мен оның отбасы мүшелерінің осы елді мекенде меншік кұқығында тұрғын үйінің болмауы (болуы) туралы анықтама (анықтама әскери қызметшілерге жыл сайын беріледі);»;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Өтемақы төлеу үшін әскери қызметші белгіленген тәртіппен ол әскери қызмет өткеретін әскери бөлім командирінің (мемлекеттік мекеме басшысының) атына баянат береді.
Баянатқа мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) жауапты құрылымдық бөлімшенің әскери қызмет өткеру орны бойынша әскери қызметшінің тұрғын үймен қамтамасыз етілмегені туралы анықтамасы;
2) отбасы құрамы туралы анықтама (отбасы құрамы өзгерген жағдайларды қоспағанда, 1 (бір) рет беріледі);
3) белгіленген тәртіппен жасалған тұрғын үйді жалға алу (жалдау) шарты.»;
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«30. Өтемақының шекті мөлшері әскери қызметші әскери қызмет өткеретін жері бойынша елді мекенде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әскери қызметші отбасы мүшелерінің санын тиесілі пайдалы алаңының (18 шаршы метр) және жайлы тұрғын үйдің бір шаршы метрін жалға алу (жалдау) орташа құнының нормаларына көбейту жолымен айқындалады.
Жайлы тұрғын үйдің бір шаршы метрін жалға алудың (жалдаудың) орташа құны мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ресми сайтында жарияланатын оның ағымдағы жылғы қаңтардағы деректеріне, статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес айқындалады.
Елді мекен бойынша статистикалық деректер болмаған жағдайда өтемақы мөлшері аудан орталығының статистикалық деректері бойынша, ал аудан орталығында статистикалық деректер болмаған жағдайда – облыс орталығының статистикалық деректері бойынша айқындалады.».
2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Рсепубликасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.