Руханият • 08 Қараша, 2019

Батырдың баянды ғұмыры ұрпаққа үлгі

419 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таяуда елордадағы Ұлттық архивте Мәжіліс депутаты, Халық қаһарманы, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаевтың ерлік жолына арналған «Батырдың баянды ғұмыры» атты дөңгелек үстел өтті.

Батырдың баянды ғұмыры ұрпаққа үлгі

Жиынға белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, Сенат пен Мәжіліс депутаттары, тарихшы-ғалымдар, жас сарбаздар қатысты. Іс-шараның басты мақсаты – Халық қаһарманы, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаевтың ерлік жолын насихаттау, келешек жастарға патриоттық тәрбие беру.

Жиынға қатысқан мәртебелі меймандар Б.Ертаев туралы қызықты естеліктерін айтып, Халық қаһарманының ерліктері туралы әңгімеледі. Генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев жас сарбаздарға білгенін үйретіп, патриот болудың маңызын түсіндіріп берді.

«Мен осыдан 50 жыл бұрын әскер сапында ант бергенмін. Содан бері сол сертімнен тайған жоқпын. Антыма адалдық таныттым. Жас сарбаздар, сіздер де өз серттеріңізді берік ұстауларыңыз керек. Сонда ғана Мәңгілік ел мұратына қадам баса береміз» деді ол.

Сонымен қатар дөңгелек үстел барысында қонақтар назарына Б. Ертаевтың жеке қоры құжаттары негізінде дайындалған «Тұғыры биік тұлға» атты көрме ұсынылды. Көрмеге ғалымның балалық шағынан бастап, осы кезеңге дейінгі өмірінен сыр шертетін қызықты құжаттар қойылды.