Қоғам • 11 Қараша, 2019

Сауалдар жауапсыз қалмайды

192 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Nur Otan партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесіндегі кезекті қабылдауды Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев өткізді. Қоғамдық қабылдауға келген тұрғындар мен онлайн режімде байланысқа шыққан азаматтар министрге өз ұсыныстарын, талап-тілектерін айтты.

Сауалдар жауапсыз қалмайды

Ұлттық мәдениетті насихаттайтын Dombyra телеарнасының өкілі Қанат Ержігітов министрге телеарнаны «Отау ТВ» спут­ник желісіне қосу туралы өтіні­шін білдірді. Оның айтуынша, тәулі­гіне 24 сағат бойы ұлттық мәде­ниет­ті насихаттайтын телеарна осы жылдың басында ашылған. Ал Жанна Есенғарина есімді өті­ніш білдіруші Qazaqstan ұлттық телеарнасын дамыту туралы бір­неше ұсынысын ортаға салды. 

Министрдің қабылдауында бол­ған Шара Нақыпова «Рухани жаң­ғыру» бағдарламасы аясын­да «Бірге» жобасын дамыту мәсе­лесін көтерді.

Өтініш берушілердің тілегін жіті тыңдаған министр ведомство құзыреті шеңберінде барлы­ғына шама-шарқынша қол­дау көрсетілетінін айтты. «Жал­пы, мемлекеттік органдар бас­шы­ларының қабылдау өткізуі өте орынды. Nur Otan партиясының алаң­ын пайдаланған өте дұрыс деп ойлаймын. Кейбір сұрақтар­дың біздің министрлікке қатысы жоқ екенін көріп отырмыз. Аза­мат­тар бір мәселені түсінуі керек. Мемлекеттік жүйе жұмыс істей­ді. Егер хат дұрыс жазылып, бағыт­талса, оған міндетті түрде жауап беріледі, деді Дәурен Абаев қа­былдаудың соңында.

Сонымен бірге министр қа­был­дауда айтылған мәселелер бойын­ша жауапты органдарға беріл­ген тапсырмалардың орындалуы жіті қадағаланатынын да жеткізді.