Әлем • 11 Қараша, 2019

Қоршаған ортаны пән ретінде оқиды

149 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Келесі жылдан бастап Италия мектептерінде климаттық өзгерістерге қатысты сабақтар оқытылатын болады. Қоршаған ортаны аялауға негізделген пән әр сынып бағдарламасына енгізілмек. Бұл Италияны табиғаттану бойынша әлемдік көшбасшы болу мақсатына жақындата түспек.

Қоршаған ортаны пән ретінде оқиды

Мемлекеттің білім министрі Лоренцо Фиорамонти мектеп оқу­шылары 2020 қыркүйектен бас­тап қоршаған ортаның ластануы, климаттық өзгеріс, жаһан­дық жылу сияқты тақы­рып­тар­ды жал­­пы пәндермен қатар оқиды. Жа­ңа бағдарламаға сай, бұл тақы­рып­­тар 33 сағатқа жос­пар­лан­ған. Ми­нистр­лік өкі­лі Вин­чен­цо Кр­а­ма­рос­са бұл идея­ның негіз­гі мақ­саты келешек ұрпақ­ты кли­мат­­тық өзге­ру­дің жаңалық­тары мен то­сын­құбы­лыстарына осы бастан да­йын­­­дау, ақпарат беру, дейді. Жаңа пән­мен қоса география, мате­­мати­ка, физика сияқты жалпы пән­дер­­дің бағ­дарламасына да кли­мат­тық өзгеріс туралы ақпараттар қосылмақ.

Сонымен қатар министрлік өкілдері ведомствода жақын арада түбегейлі өзгерістер болатынын хабарлады. Винченцо Крамароссаның айтуынша, жаңа ұлттық бағдарламаны әзірлеуге Колумбия университетінің тұрақ­ты даму орталығының басшысы Джеффри Сакс, америкалық эко­номист, философ Джереми Риф­кин сияқты климаттық өзге­ріс тақырыбымен айналысатын сара­пшылар шақыртылған. «Бұл жобаға аталған саланы зерт­теп жүрген азаматтарды тарт­тық. Олар – бұл тақырыпты терең­нен зерттеп жүрген шын жанашырлар. Осылайша Италия қоршаған ортаның өзгеруі туралы сабақты мектеп бағдарламасына енгіз­ген әлемдегі алғашқы ел болады», деді ол.

Қоршаған ортаның ластануы – әлемді толғандырған негізгі мәселелердің бірі. Алайда Ита­лия үкіметінің мектеп оқушы­ларына бұл тақырыпты түсін­діруі жақында ғана БҰҰ-ның кли­маттық өзгерістер тақыры­бына арналған отырысында сөз сөйлеген 16 жастағы  экобел­сенді Грета Тунбергпен байланыс­ты болуы мүмкін. Ол кішкен­­тай кезінен өз елінде, яғни Шве­ция­­да наразылық акцияларына қаты­сып, өз замандастарын та­би­ғат­ты қорғауға шақырады. Биыл қыркүйекте БҰҰ-ның Нью-Йоркте өткен саммитіне қатысып әлем­дік көшбасшыларды кли­мат­тық өзгерістерді қолға алу­ға, түзетуге тырыспайтынын айып­тап, олардың келер ұрпаққа, бо­ла­шаққа сатқындық жасағанын айтқан еді.